Көшпенділер мектебі – ата кәсіпті жандандыру

Көшпенділер мектебі – ата кәсіпті жандандыру
Фото: khabar.kz

Ата-бабамыз кез келген ісіне терең мағына беріп, білген қолөнерін ұрпақтарына қалдырып отырған. Сол кішігірім туындылардан дала өркениетінің мәдениеті мен тұрмысы қалыптасты. «Kazakh TV» телеарнасында жаңа маусымнан бастап атадан мирас болған осы кәсіп түрлері туралы «THE SCHOOL OF NOMADS» (Көшпенділер мектебі) жобасы эфирге шығуда.

Әр бөлімде бағдарлама жүргізуші Самат Толықбай көне заманнан бері ата кәсіпті қолғабыс етіп, сол саланы әрі қарай жандандырып жүрген азаматтармен кездесіп, олардан осы істің сырын меңгереді. Шеберлер жігітке көмектесіп, ұстаздық етеді. Оның мақсаты аталмыш кәсіпті үйреніп ғана қоймай, сонымен қатар көрерменді тереңде жатқан тарихымен таныстыру, қызықты фактілерді арқылы оның мәні мен мағынасын таныту. «Себебі, көшпенділер қарапайым қымыз әзірлеудің өзіне үлкен мән берген, әр әрекеттің пәлсапалық мағынасы болған. «Көшпенділер мектебінде» ұсталар ата-бабасынан қалған өнердің жасалу жолдарының сырлымен бөліседі. Тіпті аңыз-әңгімелер, өз бастарынан өткен керемет оқиғалар туралы да айтып береді», - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.

Бағдарламаның мақсаты қазақ халқының ұлттық тұрмысын көрсете отырып қазақ мәдениетінің тарихына деген қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар отандастарымыз бен шетелдік азаматтарға мыңдаған жылдар өтседе әлі күнге дейін тай тұяғындай жалғастырып келе жатқан ата кәсіпті таныту. Солай халықаралық аренада еліміздің бай мұрасы мен ілімін күні бүгінге дейін сол қалпында сақтай алған заманауи Қазақстанның имиджін көтеру. «Хабардың алғашқы бөлімі Сақ тайпасының моншасына арналды. Жүргізуші Алматы маңында ата кәсіпті өрге дөңгелетіп, оның қыр-сырын, тарихын, жұмыс істеу тәртібін жетік меңгерген Валентин Губайдуллин қожалығына барып, танысып қайтты. Валентин 30 жылдан аса көшпенділер моншасын зерттеп, бүкіл әлемге таныстырып жүрген азамат. Ол жүргізушіге сақ моншасының ерекшелігін айттып, бізге беймәлім дүниелерді әңгімелеп берді», - деп жалғастырды «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.

Расында да, сіз Сақ тайпасының адамдары жорыққа шыққанда өздерімен бірге моншаларын алып жүретіндігін білдіңіз  бе? Бұл сақтар үшін гигиена ғана емес, демалыс түрі де болған. Бұл жөнінде толыққанды бағдарламаның бірінші бөлімінде баяндалады.

Орталық Азия, Кавказ және Анадолы аумағында тұратын түркі тілдес ұлттардың ата-бабалары қазіргі қазақ жерінен қоныс аударған. Олардың тұрмысында көшпенді халықтың дәстүрі мен салты сақталған. Сол себепті «Көшпенділер мектебі» бағдарламасының шығармашылық ұжым Қырғыз еліне барып, ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз жайлы түсірілім жасады.  

Олай болса мәдени-танымдық «Көшпенділер мектебі» жобасын «Kazakh TV» арнасынан немесе мына  сілтеме арқылы тамашалаңыздар.

Г. Берік