Өзекті мәселені талдау

Өзекті мәселені талдау
Фото: khabar.kz

«Хабар 24» телеарнасында азаматтардың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғайтын ақпараттық-сараптамалық «Талдау» және «В Деталях» бағдарламалары көрерменге жол тартты.  Хабардың көздегені – тұтынушы мен сатушының құқы мен міндеттерін, қарым-қатынасының жігін ажырату. Жоба авторлары – Қамар Әміржанова және Жанна Аман. Әр шығарылым сайын шығармашылық топ көпке ортақ елеулі тақырыпқты көтеріп, сол салаға тиесілі мамандардың пікірімен беріп отырады.

Соңғы үш жылда бағдарламада әлеуметтік қызметкердің міндеті мен қызмет шеңберінің аясын, бизнес ашу үшін адамға не қажет, шығарған тауарды өткізудің тиімді жолдары туралы, бизнес жоспарға қаржыны қайдан іздейміз, өрт сөндіру қызметкерінің бір күні, қала тұрғындары арасында кеңінен танылып жатқан – клинингтік қызмет, бүтін емес отбасыда тәрбиеленіп жатқан баланың құқығы мен мәртебесі турасында ой қозғады. «Әркімнің өз шындығы бар» деген принципті ұстанатын шығармашылық топ қандай мәселе болмасын, бірнеше тараптарды таруға тырысады. «Талдау» бағдарламасы бұқара үшін маңызды және тың дүниелерді көрерменге жеткізуге тырысады. Олардың мәні мен адамзат игілігіне берер мүмкіндіктерін сараптайды. Жан-жақты пікірлер мен фактілерді арқау етіп, ақпараттық-танымдық бағытта өзекті мәселенің түйінін тарқатады. Қалың жұртқа бұрыннан таныс қарапайым мәселелердің өзін әр қырынан көрсетіп, оған қызықты әрі заманауи танымдық реңк береді» - дейді «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Горелик.

Қоғамдағы көкейкесті һәм азаматтар үшін пайдалы-танымдық сұрақтарды талдау барысында көрерменнің көзқарасы қалыптасады. Жоба еліміздегі әлеуметтік, мәдени, қаржылық, кәсіпкерлік, ағартушылық, тұрмыстық және өзгеде салаларды қамтып, сол салаға қатысы бар мамандардың пікірлеріне сүйене отырып,тақырыптың мәнін ашады.Бағдарлама жүргізушілері әр шығарылымда сарапталатын мәселенің маңызын айшықтап, ескіге жаңа көзқарас қалыптастыруға талпынады. «Жобаға арқау болатын тақырыптар бұған дейін де көтеріліп жүрген мәселелер. Тек, біздің шығармашылық топ жаңа қырынан көрсетеді. Мысалы, қазақстандық бизнесті жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері, жұмысқа орналасу, медициналық сақтандыру, тұтынушылардың құқытары сынды мәселелер әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін тақырыптар», - дейді «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Горелик.

Бағдарламаны сәрсенбі күні «Хабар 24» арнасының эфирінен немесе мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Г. Берік