Жасыл экономика – ел болашағы

Жасыл экономика – ел болашағы
Фото: khabar.kz

Елбасының «Жасыл экономика» идеясы бүгінде мемлекетімізде қалай жүзеге асуда? Күн сәулесінен және желден энергия өндіру, қатты қалдықтарды және қоқыстарды қайта өңдеу, ел экономикасын жақсарту мақсатында сарқылуға ұшыраған табиғи ресурстарымызды үнемдеу және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалану бойынша елімізде қандай жұмыстар атқарылуда? Бұл сауалдардың барлығына «Хабар 24» арнасындағы «Жасыл экономика» бағдарламасы жауап береді.

Бағдарламаның шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарын аралап, зертханалар мен ғылыми институттарда, түрлі өндіріс алаңдары мен мекемелерде түсірілім жүргізеді. Фотода Астана қаласындағы күн батарейлерін шығаратын зауыт көрсетілген.

Жалпы «жасыл экономика» терминінде жер шарының болашағы деген мағына жатыр. Яғни болашақта қолданатын өнімдеріміздің барлығы экологиялық жағынан таза, экономика тұрғысынан тиімді бола түспек. Мәселен, био пакеттер. Бұл қапшықтар крахмал, жүгері сияқты өсімдіктердің ұнтағынан жасалады.

Бүкіл әлемде жел энергиясы балама энергия көздерінің арасында алдыңғы қатарда. Сол себепті Қазақстанда да жел энергиясы станциялары көптеп салынуда. Суретте Ерейментаудағы жел паркі қондырғыларының тұрғызылу сәті.

Қазақстандық инноваторлар жасаған жел қондырғысының үлгісі

Ескі тұрмыстық заттарды қоқысқа лақтыруға асықпаңыз. Электронды техниканы қайта өңдеуге жіберіп, одан түрлі металдар ажыратып алуға болады.

Қазіргі таңда өркениетті елдердің барлығы қоқыстарды сұрыптауға көшкен және әр азамат бұған аса жауапкершілікпен қарайды. Қағаз, шыны мен пластик өнімдер, ағаш және темір заттарды бөлек-бөлек жинауға арналған жәшіктер еліміздің барлық аймағында көптеп орнатылуда. 

Қолданыстан шыққан автокөлік доңғалақтары (шиналар). Олар қайта өңделіп, рәзіңке өнімдері жасалады. Мысалы, оны жолға төселетін жабын ретінде қолдануға болады.

Швейцария конфедерациясының президенті Дорис Лойтхардпен сұхбат. Мемлекет басшысы Швейцарияның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы саясаты жөнінде әңгімелеуде.

Күн батареясы. Мемлекетіміздегі кейбір қалалардағы кқше шамдары күн панельдері өндірген тоқпен жұмыс істейді. Алдағы уақытта электр энергиясын үнемдеу үшін мұндай батареялар барлық жерде пайда болады.

«Жасыл экономика» ақпараттық-танымдық жобасын бейсенбі сайын «Хабар 24» арнасынан және мына сілтеме бойынша көріңіздер.

Г. Берік