«Хабар» Агенттігі «France 24» Академиясымен серіктестікті бастады

«Хабар» Агенттігі «France 24» Академиясымен серіктестікті бастады
Фото: Хабар, Хабар агенттігі, Қазақстан, Франция,

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен өткен «Astana Media Week» бірінші қазақстандық медиа апталығында «Хабар» Агеттігінің Төрайымы Алмагүл Ахметжанова Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында 2017-2018 жылдары Агенттік журналистерін тәжірбие алмасуға жіберу туралы ұсыныс жасалды. 

Бұған дейін 2016 жылдың күзінде «France 24» Төрағасы журналист Антуан Кормери «Хабар» Агенттігімен серіктестік орнату мүмкіндіктерін зерттеу үшін Қазақстанға келген болатын.

Франция елшісі аталмыш жоба Францияның Еуропа және Сыртқы істер Министрлігі тарапынан қолдау тапқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол Қазақстанның телевизия саласындағы журналистердің барлығы осы тәжірбие алмасу аясында білімін жетілдірсе деген тілегін білдірді. 

Г. Берік