Хабар Агенттігі алғашқы Олимпиада ойындарын өткізді

Хабар Агенттігі алғашқы Олимпиада ойындарын өткізді
Фото: Хабар Агенттігінің баспасөз бөлімі

«Хабар» спорт үшін!» деген атаумен отандық БАҚ тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындары өтті. Шараға «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері белсене ат салысты.

Журналистердің кәсіби мерекесі мен Астана күніне орай өткізілген жиынға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Агенттік қызметкерлері Сеул, Нью-Йорк, Мәскеу, Рим, Стамбұл, Брюссель, Берлин, Пекин командаларына бөлініп, жеңіл атлетика, допты қашықтыққа лақтыру, дәлдеп ату, үстел теннисі, бампербол сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Айта кетейік, командаларды осылай атауда үлкен мән жатыр. Дәл осы қалаларда «Хабардың» арнайы тілшілік қосыны қызмет етеді.

Додаға спорт майталмандары қазылық етіп, жеңімпаздарды әділ анықтады. Ойынның қорытындысы бойынша Стамбұл командасы үздік атанып, Олимпиада кубогын жеңіп алды. 

А. Оралқызы