«Қария» әлеуметтік сериалы «Хабар» арнасында

«Қария» әлеуметтік сериалы «Хабар» арнасында
Фото: Хабар

«Хабар» телеарнасы «Қария» сериалын көрсетілімге дайындауда. 12 бөлімді драма қарт адамдарға деген, әсіресе жас ұрпақтың ата-аналарға деген қарым-қатынасын суреттейді.  

Телехикаяның сюжеті қарттар үйінде өрбиді. Келінімен болған шиеленістен кейін ұлының қыспағымен қарттар үйіне кетуге мәжбүр болған басты кейіпкер Әбілғазының өмірі баяндалады. Алайда қарттар үйінің де өз ережелері бар – мекеме басшысы, өктем әрі қатыгез әйел Гүлсім Әбілғазы мен басқа да қарттарға көп қиындықтар тудырады. Ақсақалдар күш біріктіріп, Гүлсімге тойтарыс беріп, оның заңсыз істерін әшкерелеуге тырысады. Хикая барысында басты кейіпкердің оқиғасымен қатар, әр түрлі жағдайлармен қарттар үйіне түскен өзге де қариялар жайлы айтылады.


Адамдарға деген сыйластық пен құрметтің азайып, немқұрайлылық таныту сияқты өте күрделі әлеуметтік мәселелерді қозғайтын жаңа телехикая түсірудеміз. Мүмкін көптеген адамдар мұндай оқиғалармен жиі кездеспейтін болар, бірақ бұл өзекті проблема қоғамымызда өршіп тұрғанын көрсетіп, осы хикая арқылы біз көрермендерімізге ой салғымыз келеді». Сериалда, кәсіби актерлерден бөлек, түсірілім жүргізілген қарттар үйінің кәдімгі тұрғындары ойнады. Зейнеткер Мұқаш Жадықовтың айтуынша: «Мен жастайымнан киноға түсуді армандадым. Бірақ өмір өз дегенін істейді екен. Егде жасқа келгенде осы қарттар үйіне келдім, және 80 жасымда өз арманымды орындадым – киноға түстім. Мен өте разымын».

Картина режиссері - Асқат Мұсабай. Басты рөлде театр және кино актері Бауыржан Қаптағай ойнайды. Сериал эфирге күзгі телевизиялық маусымда шығады. 

Е. Жұмабайұлы