Еуро-2012 турнирінің ең үздік диспетчері

 Еуро-2012 турнирінің ең үздік диспетчері

Чемпиондар Лигасының үш дүркін чемпионы, Испанияның алты дүркін жеңімпазы испандық Хавьер Эрнандес Креус Еуро-2012 турнирінің ең үздік диспетчері атанды. 

Хави турнир барысында ең көп пас берген ойыншы болып танылып отыр. Қазіргі таңда (осы турнирде) осы бір ойыншының еншісінде 86 пайыздық дәлдікпен берілген 620 пас бар. Сонымен қатар Хавимен бірге үздік он бомбалаушының қатарында өз замандастары тұр. Мәселен, үздік ондықты Пирло мен де Росси қорытындылаған. Бұл қатарда неміс ойыншысы Швайнштайгер де бар. 

Тағы да айта кетерлігі,  Хавьер Эрнандес соққы жасаудан да замандастарынан оқ бойы озық шыққан. Барлық ойынды қосқанда 35 пайыздық дәлдікпен 31 соққы жасап үлгерген. Бір ғана Ирландиямен өткен ойынның өзінде әріптестеріне 136 пас берген екен.

Естеріңізге салсақ, Хавьер Эрнандес Креус 1980 жылдың 25 қаңтарында Испанияда дүниеге келген. Қазіргі таңда "Барселона" командасының ойыншысы. Және Испания чемпионатында өткізген ойын саны жағынан рекордшы болып табылады.  

Сурет: sports.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига