Испания құрамасы - әлемдік футболдың көшбасшысы!

Испания құрамасы - әлемдік футболдың көшбасшысы!

Испания - Италия - 4:0 (2:0)

Голдар: Силва 14', Альба 41', Торрес 84', Мата 89'

Испания: Касильяс, Арбелоа, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Алонсо, Силва (Педро 59'), Иньеста (Мата 87'), Фабрегас (Торрес 75')

Италия: Буффон, Абате, Кьеллини (Бальдзаретти 21'), Бонуччи, Барцальи, Пирло, Маркизио, Де Росси, Монтоливо (Мотта 57'), Кассано (Ди Натале 46'), Балотелли

Ескертулер: Пике 25', Барцальи 45'

Төреші: Педру Проэнса (Португалия)

Әлемдік доданың көш басында екі үздік команда қара үзіп, финалдық ойынның аясында бақ сынасты. Кәрі құрлықтың футболға келгенде айтылмақ әні мен жазылмақ тарихы алдан ғана қол бұлғайтындай көрінетін еді...

Бұл ойынның бұрынғы ойыннан өзгерек болатындығы күні бұрын белгілі болатын. Журналист атаулы мен білікті футбол сыншыларының бәрі Италия чемпион болады деген пікірді қолдаған. Тіпті, кейбір испандық жанкүйерлердің өзі сол бір сезімді бастан кешкендерін қазір ойласа ұялатын да шығар. 
 
Иә, Дель Боске бапкер ойынға еш өзгеріс енгізбеді. Баяғы өзі дайындап, жоспарлап келген құраммен алаңға шыққанды жөн көрсе керек. Чезаре Пранделли де сәл-пәл ойыншылардың алаңдағы орнын ауыстырғанмен, ойыншыларды да сол құраммен бастап шықты. 
Ойын аса тартысты өтті деп айта алмаймыз. Сильва соққан бірінші голдан соң-ақ италияқтардың салы суға кеткендей сыңай қалдырды. Сонда  да Пирло бастаған ойыншылар өз мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға тырысты. Әкесі үшін төрт гол соғамын деп бар әлемге жар салған Балотеллиден гөрі Кассоно ойыншының бір ойлағаны бар болып шықты. Сәт сайын Касильяс қорғаған қақпадан саңылау іздеген екі ойыншы болса, соның бірі осы ойыншы болатын. Бірақ, бірінші ойын бөлігінің соңына таман екінші гол да соғылды. Болашақ "барселондық" Альба Хави берген әдемі пасты өз керегіне жаратып, Буффон қақпашымен бетпе-бет келіп қапы қалдырды. 
Екінші ойын бөлігінде атап айтарлықтай италиялықтардың тарапынан орын алған қауіпті шабуыл болмады. Бар болғаны Чезаре Пранделли ойыншыларды ауыстырып көрген тұғын. Бірақ, ол үміті де жақсылыққа айналмады. Моттаны алаңда үш минут болар-болмастай уақытта жарақыта байланысты дәрігерлер алып кетті. Сосын қалған уақытта азшылықпен өнер көрсеткен "Скуадра Адзурралықтар" білгендерінен жаңылды.
Ойын біткенше алаңға шыққан Торрес пен Хуан Мата бір-бір голдан соғып, есепті еселей түсті. Сөйтіп, Испания Италия құрамасын 4:0 есебімен жеңді. 
Сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига