Ойын тағдырын шешкен қақпа маңдайшасы

Ойын тағдырын шешкен қақпа маңдайшасы

Португалия құрамасы ойын соңындағы пенальтиден жеңіліп қалды. Сөзімді дәл осылай бастағым келіп отыр. Себебі, бұл ойында португалдықтар испандықтармен тең дәрежеде айқасты. Тіпті, ойынның бастапқы минуттарында басым болып көрінді де. Енді, футболдың аты футбол болған соң, бір команданың жеңілуі заңдылық болатын. Бір ғана Роналдуға обал болды. 

Бір ғана Роналдуға обал болды. Ойынның бірінші минуттарынан-ақ тас-түйін дайын болып шыққан, сәт сайын қарсылас қақпаға қауіп туғызуға тырысқан, команданың бар жүгін ойын біткенше көтеріп шыққан әлемнің ең үздік ойыншысы тағы бір мүмкіндіктен қапы қалды. Бұлай деп айтуымыздың себебі, Роналду ендігі чемпионатқа отыз жастың ары-берісін алқымдап қалған, егде тартқан шағында қайта келуі мүмкін. Мүмкін келмес те...

Ойын соңындағы пенальтиге жеткенге дейінгі аралықта анау айтқандай толассыз шабуылдар болмады. Иә, бір мәрте Иньеста мен Педро да болған, алайда біріне қорғаушы тосқауыл болса, енді бірінде қақпашы қайтара алды. Жалпы ойын өрнегі аса бір тартысты өтті деп айту да қиын. Оған себеп, екі команданың бірінші орынға қорғанысты қойғаны, содан соң барып қана шабуылдауға тырысқаны.

Ойын соңындағы футбол лотереясына келген екі команданың да мүмкіндіктері бірдей болатын. Бірақ, ең соңында португалдықтардікі шектеулі болып шықты. Сөйтіп айтуға да болады, Руй Патрисиу қақпашының барын салғаны көрініп тұрды. Жанын салғанына да қарамастан жолы болмады. Бруну Алвешке ешкімнің өкпесі жоқ, әрине, оның кезегі Нани орындаған соққымен өтіп кеткен болатын. Қайта келіп орындау сәтсіздік болып шықты. Орындамай-ақ қойғанда қайтер еді...

Енді испандықтар Италия мен Германия арасындағы ойынды күтетін болады. 

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига