Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Испания - Португалия. Кім мықты?

Испания - Португалия. Кім мықты?

Испания - Португалия. Кім мықты?

Португалия Испания құрамасын алда-жалда жеңіп жатса чемпион болады. Бұл сөзсіз. Себебі, бүгінгі таңда "қызыл фуриялықтарды" тоқтатқан команда ғана  чемпиондыққа дәмелі десек артық айтқандық емес. Бірақ, жартылай финалға жолдама алып отырған командаларды осал деуге ауыз бармайды. Бір жағында қарсыластан қарсылас қоймай келе жатқан "неміс машинасы", екінші жағында адымдап болса да финалға жақындай түскен итальяндықтар.

Сонымен Роналдудың Роналду болып бір жарқырайтын немесе өзінің әлемдегі ең мықты ойыншы екенін дәлелдейтін сәтке де, сын сағаттарына да аз қалды. Бір өзі бүкіл командаға татитын Роналду бастаған, жұрт қостаған команда испандықтарды тоқтата ала ма екен?! Мүмкін, футболда бәрі де мүмкін...Оның үстіне Испания осы маусымда жарқын ойын өрнегін көрсетуге асықпауда.

Бұл ойынға Паулу Бентудың да бір ойлағаны бар шығар. Әйтпесе, ойынға шыға салып, испандықтарды жеңіп кету шындық болудан қалғалы қашан. Жалғыз сеніп отырғаны Нани мен Роналду болса, онда қатты қателеседі. Бір-екі ойыншы ойын тағдырын шешіп кете алады. Бірақ, испандықтармен ойнағанда бүкіл ойын тағдырын бір ойыншының шешіп кетуі мүмкін емес.

Дель Боске болса асықпай, қияқтай мұртының астынан күні бұрын күліп отырған болар. Иә, Дель Боске күліп жатса жарасады. Әлемнің ең үздік жартылай қорғаушылары, шабуылшылары ойнайтын командамен жеңіске бастау қиын емес. Мүмкін, қазірдің өзінде финалдық ойынға бас қатырып жүрген шығар. Әрине, осы турнирде жалғыз неміс командасының асығы алшысынан тұрғандығын мойындаған болса, онда сол немістерді қалай құрықтарын кешіп-пішіп қойған да болар...

Ең бастысы бүгінгі ойын. Кімнің жеңіске жететіні алаңда шешіледі. Ендеше, 00:45-те теледидардың қасынан табылғанша.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

2017 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 11:56
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 12:17

Меніңше Роналду мен Нани ойынды өздеріне көп алып, командная игра көрсете алмайды. Негізі көп болғанда емес. Соңғы 2 ойынды сол Роналду алып шықты емес па? Испандармен бұл ойы іске аспас! Бар үміт қарымта шабуыл мен стандартта ғана! Бірақ жеңімпаз Испандар болатынына сенімдімін

+0
27 маусым 2012, 12:23

Наниға жыным келед :? не өзі гол салмайды, не біреуге салғызбайды :x

+0
27 маусым 2012, 12:32

Испания жеңеді

+0
27 маусым 2012, 14:17

не болса да бүгін белгілі болады!!!

+0
27 маусым 2012, 14:52

Әрине, испания ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...