Пілдер арасындағы Еуро-2012 турнирі

Пілдер арасындағы Еуро-2012 турнирі

Еуро-2012 турнирін қолдау мақсатында Таиландтың Чианг Май қаласының тұрғындары пілдердің арасында футбол спектаклін өткізді. Еуропаның төрінде өтіп жатқан футбол додасы бір сәтке Азияның төріне келіп қонғандай әсер қалдырды.

Әр пілге бір-бір елдің намысын қорғау бұйырды. Көрермендерге ойын барысын жақсы көріп, белсенділік танытып отыруы үшін пілдердің екі жағына да шығып отырған елдерінің туының суреті салынды. Және чемпион болған пілдің арқасында Еуро-2012-де кімнің чемпион болатыны туралы білуге болады деп сенді.

Осы ойында ең жақсы ойын өрнегін көрсеткен, сәт сайын белсенділік танытқан украин-піл болды. Алайда, осы бір пілге неміс-пілді алдап кету қолдан келмеді. Шет елден келген туристер мен жергілікті тұрғындар көпке дейін ұмытылмас әсерге бөленді. 

Сурет:moizvezdi.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига