Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Италия құрамасы жартылай финалда

Италия құрамасы жартылай финалда

Италия құрамасы жартылай финалда

Англия – Италия – 0:0 (0:0).

Ойын соңындағы пенальти – 2:4.

АНГЛИЯ: Харт, Джонсон, Терри, Лескотт, Коул, Милнер (Уолкотт, 61), Джеррард, Паркер (Хендерсон, 94), Янг, Руни, Уэлбек (Кэрролл, 61).

ИТАЛИЯ: Буффон, Абате (Маджо, 90), Бонуччи, Барцальи, Бальдзаретти, Де Росси (Ночерино, 80), Пирло, Маркизио, Монтоливо, Кассано (Диаманти, 78), Балотелли.

Еуро-2012 турнирінің жартылай финалына Италия жолдама алды. Бұл жолы Англия құрамасын ойын соңындағы пенальтиден ұтқан итальяндықтар чемпиондық тәжді қайта киюге бір табан жақындай түсті.

Бірінші ойын бөлігінде екі команда да бір-бір голдан соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Алғашқы минуттардан-ақ итальяндықтар қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойнай алатындықтарын көрсетіп, ең бірінші қауіпті сәтті ұйымдастыра білді. Команданың алдыңғы шептегі ойыншысы Даниэл Де Росси шіреніп тұрып соққы жасаған-ды. Алайда, бұл жолы Джо Хардқа қақпа бағанасы көмекке келіп, ағылшындықтарды бір қатерден құтқарып қалған-ды. Енді ағылшындықтар айып алаңынан шығудың жолын қарастыра жүріп, бірінші голды соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Бұл жолы Буффон әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі әрі бірегейі екендігін Глен Джонсонның соққысынан соң дәлелдеп берді.

Екінші ойын бөлігі алма-кезек шабуылдармен өтіп жатты. Әсіресе, бір Марионың бағыттаған соққысының өзінде есеп болмады. Және ойындағы есеп те ашыла салмады. Ал ағылшындықтарға келетін болсақ, олар қорғаныста жамбастап жатып алып, кезегі келгенде ғана еріне жүріп қарымта қайтаруға тырысты. Тек ойын барысын түпкілікті өзгертеді деген соққы экстар таймда орын алды. Кезекті бір шабуыл кезінде Алессандро Диаманти алдына келген допты айналдыра соққы жасаған, бірақ, тағы да қақпа бағанасы ағылшындарға көмек қолын созды... 

Осы турнирдегі ең бірінші пенальти сериясына кезек келді. Бүкіл команда жүгін арқалап Буффон мен Джо Хард қақпаға бет алды. Содан не керек, ағылшындықтар жеңіске жетуге бір табан жақын тұрған. Алайда, соңғы соққыларға келгенде, бейберекетсіздік танытты. Ал оны өз кезегінде итальяндықтар тиімді пайдаланып, нәтижесінде ағылшындардың уысында тұрған жеңісті суырып алды. 

1/4 финал. Англия - Италия - 0:0 (0:0, 0:0, 0:0). Пенальти: 2:4
Ойын соңындағы пенальти:
0:1 - Марио Балотелли; 
1:1 - Стивен Джеррард;
1:1 - Риккардо Монтоливо (мүлт кетті);
2:1 - Уэйн Руни;
2:2 - Андреа Пирло;
2:2 - Эшли Янг (қақпа бағанасы);
2:3 - Антонио Ночерино;
2:3 - Эшли Коул (қақпашы);
2:4 - Алессандро Диаманти.

Енді итальяндықтар 28 маусым күні Варшава қаласында Германия құрамасына қарсы ойын өткізеді. 


Суреттер: 1tv.kz; sports.gamebookers.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

1280 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 25 маусым 2012, 11:21
Пікірлер
+0
25 маусым 2012, 13:43

италия ұтып кетті, өкінішті..., бірақ...

+0
25 маусым 2012, 14:11

еш өкініш емес! Итальяндықтар достойно ұтты! Ағылшындардан жақсы ойнады!

+0
25 маусым 2012, 15:16

арам ойнайды ғой...ертең немістерді ұтып кетсе не болады...дәл 2006 жылғы жағдай орын алады сосын

+0
25 маусым 2012, 15:17

немістер 2006 дағыдай емес! Ол кезде как раз поколение ауысып жатқан кез еді! қазір олай емес!

+0
25 маусым 2012, 14:19

жарайсындар, италияндааааааааар!!!!!!!

+0
25 маусым 2012, 14:53

Күшті ойын болды, итальяндықтар жарады!!!!

+0
25 маусым 2012, 15:19

Иә, бір жақсы ойынға куә болдық!

+0
25 маусым 2012, 19:56

Мен жана бір пікір қалдырғам. Өшіріп тастапты. Массагет сендер сын көтере алмайсындар-ау деймін иәәәәәәә???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...