Хаби Алонсо мерейтойын жеңіспен атады

Хаби Алонсо мерейтойын жеңіспен атады

Испания - Франция 2:0

Бас төреші: Никола Риццоли

Голдар:

  • 19’ Хаби Алонсо (Хорди Альба) – 1:0 (Испания);
  • 90’ (пен.) Хаби Алонсо – 2:0 (Испания).

Ескертулер:

  • 31’ Серхио Рамос (Испания);
  • 42’ Йоан Кабай (Франция);
  • 76’ Жереми Менез (Франция).

Испания (4-3-3): Икер Касильяс; Жерар Пике, Серхио Рамос, Альваро Арбелоа, Хорди Альба; Хави Эрнандес, Хаби Алонсо, Сержио Бускетс; Андрес Иньеста, Сеск Фабрегас, Давид Сильва.

Франция (4-1-4-1): Юго Льорис; Антони Ревейер, Адиль Рами, Лоран Косьельни, Гаэль Клиши; Ян М'Вила; Матьё Дебюши, Йоан Кабай, Флоран Малуда, Франк Рибери; Карим Бензема.

Кеше Испания құрамасы Франция құрамасын Еуропа чемпионатының ширек финалында тізе бүктіртті. Украиналық Донецк қаласында «Донбасс Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. 

Кештің басты кейіпкері Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо болды. Жасы отызға келген Реал Мадридтің футболшысы Испанияның ұлттық құрамасында өзінің 100-ші матчын өткізді. Өзіне сыйлық ретінде ол Франция қақпасына екі гол салды.

Алғашқы гол 19 минутта салынды. Хорди Альбаның керемет асырған добын Алонсо басымен жерге соғып, қақпаның сол жақ бұрышына бағыттады. Ойынның соңында Ревейердің Педроға фолынан кейін төрешінің белгілеген пенальтиін Хаби Алонсо еш қиындықсыз голға айналдырды.  

Жартылай финалда Испания Португалия құрамасымен бақ сынасатын болады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: derzku.blogspot.com

С. А