Кличко Украина құрамасына жақтасады

Кличко Украина құрамасына жақтасады

Бокстан әлем чемпионы, тағысын тағы толып жатқан атақтардың иесі Виталий Кличко журналистерге берген сұхбатында Украина құрамасына жақтасатынын және Шева бастаған ойыншылардың ағылшындарды ұтуға мүмкіндігі барын жасырмай айтты. 

"Біз қай жағынан болмасын спортшыларымызды жақтауға тиіспіз. Оларға жеңіске жететін көңіл-күй сыйлауымыз қажет. Олар шведтерді жеңгенде, Отан алдындағы еңсеміз көтеріліп қалған-ды. Ал француздарға қарсы ойнағанда жұдырығымызды жинап отырдық. Біздің ойыншылар сол күні француздарға және табиғатқа қарсы алысты. Бүгін біздің ойыншылардың бар қырынан көрінетініне сенімдімін"-деп баспасөзге берген сұхбатында ағынан жарылды. 

"Бұл жолғы ойын жеңіл соқпайды. Ағылшындардың мықты екенін ескере тұрып, мен біздің ойыншыларға сенемін. Біздің команданың жеңісіне сенемін..."- деп Виталий айта кетті.

Бүгінгі ойында Украина құрамасына жақтасатындардың қатарында шет елдіктердің болатынына сенімді. Және Киевте болатын финалдық ойынға қай команда шықпасын, міндетті түрде баратынын алға тартты. 

Сурет:mk.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига