Германия құрамасының жеңісі

Германия құрамасының жеңісі

Германия - Дания 2:1

Голдар: Подольски, 19 (1:0), Крон-Дели, 24 (1:1), Бендер, 80 (2:1).

Әлем халқының назары осы ойынға ауды. Себебі, турнирден бірінші болып шығу үшін, топтық кезеңге өту үшін де екі командаға  жеңіс ауадай керек еді.  Неміс машинасы бұл ойында да өз жүрісінен жаңылмады. Сенімді түнде Дания құрамасын 2:1 есебімен жеңіп кетті. Ал Дания құрамасы қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Сонда да мықтының аты мықты емес пе?!

Бірінші голды немістер соқты. Нақтысын айтсақ, 19-минутта Мюллер ауттан допты іске қосып, айып алаңында тұрған Гомеске дейін жеткізіп салды. Ал ол болса бір қорғаушыны өзіне тартып барып, жалғыз қалып кеткен Подольскиге пас берді. Өз кезегінде неміс шабуылшысы Андерсеннен айласын асырып, допты ашық қақпаға тоғыта салды: 1:0. Гол!!!

Алайда, немістерге даниялықтардың дайындаған сыйы бар еді. Якобсен кезекті бұрыштама добын Нойер тұрған қақпаның арғы бұрышына асырды. Оған барлық неміс қорғаушыларынан бұрын бірінші жеткен Бендтнер, допты Крон-Делиге тастайды. Айлалы шабуылшы неміс қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестіріп кетеді:1:1.

Екінші ойын бөлігінде, 80-минуттарда  немістерге тамаша мүмкіндік туды. Мюллерден өткір пас алған Бендер аспай-саспай допты алыс бұрышқа асыра салып, ойынның соңғы нүктесін қойды.

Германия өз тобында бірінші орынмен келесі кезеңге өтті. Ал Дания құрамасы үйлеріне қайтатын болады.

Сурет:football.sport-express.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт



Л. Лига