Қазақстандықтар Еуро-2012-ні өз көзімен көруге аса құлықты емес

Қазақстандықтар Еуро-2012-ні өз көзімен көруге аса құлықты емес

Еуро-2012 қарсаңында Қазақстаннан тек 50 адам ғана Польшаға виза алыпты. Бұл туралы Польшаның Алматыдағы аға елшісі Веслав Осуховски мәлімдепті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан"

Алматыда өткен баспасөз конференциясында сөз алған елші: "Қазақстан азаматтары туристік жолдамалармен мыңнан аса виза алды. Бірақ олардың қаншасы Еуро-2012-ге баруға ықыласты екендігін біле алмаймыз. Қолында чемпионатқа билеті бар 50 адам ғана Польшаға виза алды. Бұл, әрине, өте аз", - деді.

Польшаға баруға ниет білдірген азаматтардың көбі матчтарды көше мониторларынан көру үшін бара жатыр екен. Естеріңізге сала кетелік, футболдан Еуропа чемпионаты бүгін, яғни, 8 маусым күні Варшавада басталады. 1 тамыз күні Киевте финалдық матч ойналатын болады. Польшада ұзын саны 15 ойын өтсе, Украинада 16 матч өтетін болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан