Роналду ақшаны Испания мен Португалияға сал дейді...

Роналду ақшаны Испания мен Португалияға сал дейді...

"Реал" командасының ойыншысы испандарға деген мақтау-мадақтау сөздерін аяп қалмады. Биыл Испания құрамасының алдында чемпиондықты қорғап қалу міндеті күн тәртібінде тұрғанын ескерсек, онда біршама қиынға соғары анық. Алайда, Роналду өз ойынан бас тартар емес. Ол бірнеше негізгі ойыншылардың жоқтығына қарамастан Испания финалдық кезеңге шығады деген сенімде.

"Мен ақшамды Португалия не Испанияға тігер едім.  ...Өзімшіл болғым келмейді. Португалиядан кейінгі кезекті испандарға беремін..."- деп Роналду ағынан жарылды.

Бұл басы ғана. Роналду қатты толқып жүрсе керек, көп сырын ішке жасыра алмады: "Испания - Еуро-2012 турнирінің көшбасшысы. Аталған команда ең мықты командалардың бірі әрі бірегейі. Пуйоль мен Вилья, әрине, орны толмас өкініш. Бірақ испандардың сапында мықты ойыншылар жетіп артылады. Керек болса, Дель Боскенің алаңға екі команда шығаруына мүмкіндігі бар. Және екеуімен де чемпиондыққа дәмете алады".

Сурет: c.weare1.info

Л. Лига