Адвокат: "Акинфеевтің денсаулығы ойыншық емес"

Адвокат: "Акинфеевтің денсаулығы ойыншық емес"

Ресей құрамасының тренерлік штабы жарақаттанған тізесі қайта сыр бере бастаған Игорь Акинфеевтің денсаулығына алаңдап отыр,- деп мәлімдеді ұлттық құраманың бас бапкері Дик Адвокат. 

"Акинфеевте денсаулық мәселесі туындап отыр, оның (операция жасалған) сол аяғының тізесінде су жиналып қалған. Әрине, футболшының денсаулығы ойыншық емес, әзірше Игорь арнайы программамен жаттығу жасайтын болады", - дейді Адвокат. 

Голландиялық бапкердің айтуынша, Италиялық футболшыларымен болған жолдастық кездесуге (3:0) қатыспаған Александр Анюков пен Марат Измайловтар қалпында екен. "Анюковтың әлі қалпына келу уақыты бар, бүгін ол жеке дайындалады", - дейді Адвокат. 

Ресей құрамасы бас бапкерінің ойынша, оның шәкірттері Еуропа чемпионатының аутсайдерлер қатарында. "Фавориттер - Испания, Голландия және Германия, ал ресейліктер - турнир аутсайдерлері, - дейді голландиялық маман. - Біздің құрамада Италия, Голландиядағыдай жұлдызды футболшылар жоқ. Бірақ, біз мықты футболшылар жиналған жақсы командамыз". 

Ресей құрамасы Еуродағы алғашқы ойынын 8 маусым күні чехиялықтарға қарсы ойнайды. 

Сурет: aksakal.info

Ж. FM