Англияның тағы бір қорғаушысы Еуро-2012 турниріне қатыспайды

Англияның тағы бір қорғаушысы Еуро-2012 турниріне қатыспайды

Голландиялық ПСВ командасы мен Бельгияның ұлттық құрамасының шабуылшысы Дрис Мертенс ағылшын құрамасының қорғаушысы Гари Кэхиллден кешірім сұрады. Естеріңізде болса, жолдастық ойында ағылшындық қорғаушы ауыр жарақат алған болатын. 

"Уэмблиде" өткен ойынның бастапқы минуттарында-ақ Кэхиллдің жақ сүйегі екі жерден сынған еді. Кезекті шабуылдардың бірінде Мертенс артық ызаға берілемін деп, ағылшындық қорғаушыны команда копитаны Джо Хартқа итеріп жіберген-ді. Енді қорғаушы Еуро-2012 турниріне қатыса алмайтын болды. Оның орнына "Ливерпуль" командасынан Матин Келли шақыртылды.

"Кэхиллге жарақат салғаным үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Ойын кезінде алысып-жұлысып жүріп, көп нәрсенің байыбына бара алмай қаламыз. Енді тек Кэхиллдің тез жазылып, қатарға қосылуын тілеймін"-деп Мертенс өз туиттерінде отырып көңіл білдірді.

Сол ойында Джон Терри де жарақат алған-ды. "Челси" командасының қорғаушысы 70-ші минуттарда аяқ бұлшық етінің ауыруына байланысты, ойыннан шығып кеткен-ді. Енді оған медициналық тексерістен өту керек болып отыр. 

Айта кетсек, бұның алдында да Англия құрамасы  жарақатына байланысты Гарет Бэрри мен Фрэнк Лэмпардтен айырылып қалған. Олардың орнына Фил Джагиелка мен Джордан Хендорсон шақыртылған-ды.

Сурет: vesti.kz

Л. Лига