ӘЧ-2014. Финалдық ойын кезінде дүкеннен 30 келі алтын ұрланған

ӘЧ-2014. Финалдық ойын кезінде дүкеннен 30 келі алтын ұрланған

Біріккен Араб Әмірлігінде тонаушылар зергерлік дүкенінен 35 келі алтынды алып кеткен, ал бұл уақытта дүкен қожайындары Бразилияда өткен Әлем Чемпионатының финалын тамашалап отырған.

Оқиға 14 шілдеге қараған түні Шарджа әмірлігінің танымал зергерлік дүкенінде орын алған. 

Үй иелері Германия-Аргентина финалдық кездесуін қарап отырғанда, осы сәтті пайдаланған қылмыскерлер дүкеннен алтыннан жасатылған зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Қожайын да, көршілер де қылмыскерлердің қалай есік бұзып, ішке енгенін естімей қалыпты.

Ұрлық түн ауған шақта, дүкен жабылған соң орын алған, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар орталығы. 

Осы тұста бір айта кетерлігі, Рамазандағы әртүрлі сауда орталықтары арнайы кестемен жұмыс жасайды - кештен түн ауған шаққа дейін.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай 

Сурет: gazeta.a42.ru

Ө. Сансызбай