Массагет бәйгесінің жеңімпазы анықталған сәт (видео)

Массагет бәйгесінің жеңімпазы анықталған сәт (видео)

Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатына орай ұйымдастырылған Massaget.kz порталының болжамдар бәйгесінде топ жарған қатысушы анықталды. Басты ережеде жазылған соңғы жүйе бойынша Әли Әубәкірдің бағы жанды.

Бүгін сайтымыздың арнайы қонағы болған Ернұр Ермағамбеттің ағасы мен әпкесі және Әли Әубәкірдің досы randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ сан таңдау нәтижесінде анықтаған рәсімнің куәгері болды. Бәрі ашық әрі әділ өткен сыннан кейін куәгерлер өз алғыстарын жеткізді. Портал ұжымы да бір ай бойы бәйгеге белсене қатысқан үміткерлерге алғыс білдіреді.


Құрметті жеңіс тұғырынан көрінген қатысушылар сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Сыйлықтарыңызды 8 (727) 388 81 18, 8771 300 3708 телефондарына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдау арқылы ала аласыздар.

Белсенділік танытып, бір ай бойы футбол тойын бірге тамашалаған барлық бәйгеге қатысушылардың отбасына амандық пен зор денсаулық тілейміз! Өмірде жолдарыңыз бола берсін!

 Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz

Бәйгеге қатысқандардың толық рейтингі

Ө. Сансызбай