Массагет бәйгесі. Жеңімпаз анықталатын финал!

Массагет бәйгесі. Жеңімпаз анықталатын финал!

Бүгін кеште Бразилия жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының және massaget.kz порталы жариялаған болжамдар бәйгесінің жеңімпазы анықталады.

Түнде Германия мен Аргентина құрамалары Әлем Кубогінің иегерін анықтайды. Екі құрлықтың екі мықтысы арасында өтетін ойын тартысты сценаримен өрбуі еш күмәнсіз. Оған бірнеше себептер бар...

Рио-де-Жанейро төрінде 360 градуста түсіретін камера өз жұмысын істе сынап көрмек. Қос құраманың да осыған дейін өз араларында өткізген екі кездесуін білетіндеріңіздей, "Маракана" стадионының жасыл алаңы осы ойынға арнайы күтіліп бапталуда. Қос құрама ойыншылары бұл алаңда жаттығу жасамай, бүгінгі кездесуге сақтауға өтініш білдірген. 

Соңғы жылдарда неміс ойыншылары Йоахим Лёвпен бір қатарда етек-жеңдерін жинап үлгерді. Бундестимнің бүгінгі "неміс машинасы" төрт жыл бұрынғы құраммен салыстыруға келмейді. Ойыншылар қатары көп өзгеріске ұшырай қоймағанмен, талант көкжиегінде танылып үлгергендері жетерлік. Қалай дегенмен де, бундестим бұл жолы жеңіске жетуге әбден лайықты. Жарыс барысында айқын аңғарыла қоймағанмен, аргентиналықтардың көршісін тас-талқан етіп жеңісімен, күллі Еуропа жұртшылығы шулап қоя бергені анық.

Бундестим бапкері бұл ойын қарсаңында Лионель Мессиді тізгіндеп ұстаудың жолын тапқан көрінеді. Бас бапкердің көмекшісі Ханси Флик нидерландықтардың тұсаулап ұстау тәсілін жетілдіру үстінде екен. 

Аргентина сапында Ди Марияның алаңға шығу-шықпауы белгісіз болып қалуда. Құраманың негізгі қорғаушысы Маркус Рохо да жаттығу кезінде аздап жарақат алып қалған көрінеді. 

Кездесудің пенальти сериясына жалғасқанын көпшілік қаламайды. Жабылу салтанатында ән шырқайтын Шакира мен неміс жұртшылығы да.

Кездесуде италиялық азамат Никола Риццоли төрелік етеді. ФИФА таратқан мәліметтерге сүйенсек, мундиальда төрешілер қабылдаған он шешімнің бірі дұрыс болмай шығады екен. Футбол қауымдастығы осыны ескере отырып, қырық екі жастағы қазыға сенім артыпты. 

Еске салайық, осыған дейін Әлем Чемпионатына орай Massaget.kz порталы болжамдар бәйгесін жариялаған болатын. Бір айға жоспарланып отырған бәйгенің ережесін осыған дейін жариялағанбыз. Енді өз болжамдарыңызды сайтқа тіркеліп (тіркелмеген болсаңыздар) жазуға мүмкіндіктеріңіз бар. Тағы бір ескеретіні, түсініксіз аттармен, осыған дейінгі есімдеріңізді өзгертіп болжамдарыңызды жариялауға тыйым салынады. Тек бүгінгі ақпаратта берілген бір ойынға ғана төмендегі "пікір жазу" деген аймаққа болжамдарыңызды жазыңыздар. Өзге әлеуметтік желілер мен өзге ақпарат соңындағы болжамдар қабылданбайтынын ескертеміз. Ал осыған дейінгі жасалған болжамдар бойынша көш бастап тұрған қатысушылармен мына сілтемеде таныса аласыздар. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Ескерту: Болжам жасау уақыты Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де тоқтатылады. Сонымен қатар, бір ай бойы бағын сынаған барлық қатысушылар рейтингте жарияланатын болады. Осы қатысып отырған есімдеріңізді өзге қаріпке ауыстырып, өзгертуге болмайды. Ол кезде жаңа қатысушы ретінде тіркеліп кетесіздер. Және басынан ұпай жазылады. Алдағы финалдық кезеңдегі ойындар негізгі уақыт нәтижесімен есепке алынады! Алғашқы ондыққа енген қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі!

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: goal.net.ua.jpg

Ө. Сансызбай