ӘЧ-2014. Ван Перси қола медалін жанкүйерге сыйға тартты

ӘЧ-2014. Ван Перси қола медалін жанкүйерге сыйға тартты

Футболдан Нидерланды құрамасының капитаны Робин ван Перси Әлем Чемпионатының қола жүлдесін қызғылт сары түсті әскери униформадағы құраманың қолдаушысына сыйға тартыпты. Бұл жайлы британдық басылымдар жарыса жазуда. 

Нидерланды құрамасы Бразилия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, Әлем Чемпионатында алғаш рет үшінші орынды иемденген еді. 

Ван Перси аталған кездесуде бірінші болып есеп ашқан тұғын. Ойынның 3-минутында 11 метрлік айып добын орындаған болатын.

Шабуылшы Бразилиядағы Әлем Чемпионатында төрт гол соғып, өз командасының ең үздік сұрмергені атанып отыр.

ӘЧ-2014, үшінші орынға талас

Бразилия - Нидерланды – 0:3

Робин ван Перси, 3, Дейли Блинд, 17 Вайналдум Дж. 90+1' 

Бразилия: Сезар, Майкон, Тьяго Силва, Луис, Максвелл, Виллиан, Луис Густаво, Оскар, Рамирес, Паулинью, Жо. 

Нидерланды: Силлессен, де Врей, Мартинс, Влаар, Блинд, Роббен, Вейналдум, Снейдер, Класи, ван Перси, Кюйт.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: itar-tass.com

О. Сансызбай