Риццоли - "мундиаль" финалында қазылық жасайды

Риццоли - "мундиаль" финалында қазылық жасайды

Футболдан Бразилия жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ақтық сынында қазылық қызметін атқаратын төрешілер жұбы белгілі болды. Бұл туралы ФИФА-ның төрешілер комитетінің басшысы Джим Бойс пен төрешілер алқасының жетекшісі Массимо Бузакка мәлімдеп отыр. Финалдық кездесуге италиялық төреші Никола Риццоли қазылық жасайды. Осыған дейін бұл мәртебе өзбек төрешісі Равшан Ирматовқа бұйыруы мүмкін деген ақпараттар тараған еді.

42 жастағы қазыға жерлестері Ренато Фаверани мен Андреа Стефани көмектеседі. Қосымша қазы қызметін эквадорлық Карлос Вера атқарады.

Никола Риццоли халықаралық деңгейдегі кездесулерге қазылық жасауды 2007 жылдан бастап атқарып келеді. 2013 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалындағы «Бавария» мен «Боруссия д» кездесуіне төрелік жасаған. Осы жылғы 15 кездесуде 59 сары қағаз қатар, 4 рет ойыншыны алаңнан қуған. Осы «мундиальдағы» Испания - Нидерланды (1:5), Нигерия - Аргентина (2:3) және Аргентина - Бельгия (1:0) құрамалары арасындағы ойындарға төрелік еткен.

Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының финалында ертең Аргентина мен Германия құрамалары кездеседі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: goal.net.ua

О. Сансызбай