ӘЧ-2014. Бразилия фанаттары Германияға жанкүйерлік еткен

ӘЧ-2014. Бразилия фанаттары Германияға жанкүйерлік еткен

Бразилия фанаттары матч уақытысында өз құрамаларына немістер бесінші голды соққан соң, немістер жағына ойысып, жанкүйерлік етіп кеткен. Кездесу біткен соң көшелерге шығып, арты тәртіп бұзуға ұласқан. 

Өз командалары немістерден 1:7 есебімен ойсырай жеңілген соң, Бразилия құрамасының жанкүйерлері көшелерге шығып, тәртіп бұзған. Сан-Паулудағы мыңдаған жұрт көшелерге өрт қойып, тілсіз жау қала орталығындағы ғимараттарға жалғасыпты. Кешегі күннен алты автобустың күлі қалғаны айтылады.

Әлеуметтік желілерде Бразилия құрамасының туына от қойып, өртеген адамдардың кескіндері жүр. Ызалы жұртшылықты тоқтату үшін жергілікті тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болыпты. 

Рио көшесінде сеңдей соғылысқан жұрт бір-бірін тапап, қарбалас үстінде бір-бірлеріне жарақат салғанға ұқсайды.

Жанкүйерлер қарсыластың әрбір берген пасына «Оле!» деп асыр салып, өз командаларына жаулығын жасырмаған. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.tut.by

О. Сансызбай