ӘЧ-2014. Немістер жеңген жағдайда рекордты мөлшерде сыйақы алады

ӘЧ-2014. Немістер жеңген жағдайда рекордты мөлшерде сыйақы алады

Неміс ойыншыларына Бразилиядағы мундиальда жеңісі үшін Неміс футбол одағы 300 мың еуро сыйақы бермек. Өз кезегінде Одақ ФИФА-дан 35 миллион доллар алады.

Немістер төртінші мәрте Әлем кубогін төбелеріне көтерер болса, онда ойыншылар мен бапкерлерге бундестим тарихында бұрын-соңды болып көрмеген сыйақы үлестірілмек.

Жартылай финалға шыққаны үшін Германия құрамасы Неміс футбол одағынан 100 мың еуро төлем алады. Сейсенбі күні Бразилия құрамасын жеңер болса, онда бұл сома бір жарым есеге көбейе түспек.

Күні бұрын хабарланып отырғандай, сыйақы қоры шамамен 7 миллион еуроны құрайды екен. 

Бір қызығы, бұрынырақта трофей иеленген неміс футболшылары мұндай қаражатқа кенеліп көрмеген. Неміс ойыншылары 1954 жылы чемпиондық титул үшін 1250 еуро мен бір теледидардан алса, Франц Беккенбауэрдің тұсында тәж үшін 30 мың доллар мен кабриолет табысталыпты. 1990 жылы мундиальдағы жеңіс бундестим ойыншыларына 65 мың еуро алып келген.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: footballhd.ru

Л. Лига