ӘЧ-2014. Ди Марияның голы Аргентинаны ширек финалға шығарды

ӘЧ-2014. Ди Марияның голы Аргентинаны ширек финалға шығарды

Әлем Чемпионатында 1/8 финал ойынында Аргентина мен Швейцария құрамалары арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды...

Алғашқы 45 минуттықта аргентиналықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, алаңға иелік еткен болатын. Алайда, Швейцария құрамасының шабуылы қауіпті шығып жатты - Гранит Джака мен Йосип Дрмичте гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болған-ды.

Екінші таймда аргентиналықтар тайлы-тұяғы қалмай алға шықты. Қаптал бұрыштарды іске қосу арқылы, Сабельяның шәкірттері есепті ашуға тырысты. Бірақ, айып алаңында сауатты қорғанған швейцариялықтар өз қақпаларын голдан аман сақтап тұра алды.

Қосымша уақытта аргентиналықтар қарсыластың айып алаңына енбей, сырттан соққы жұмсап көрумен болды. Әсіресе, Ди Мария сәті келген тұста соққы бағыттауға ұмтылды.

Уақыт футбол лотореясына таяғын кезде аргентиналықтар шұғыл шабуылға шыға алған-ды. Әріптесінен пас алған Месси бір ойыншыны алдап барып, бұрыштан ашылған Ди Марияға пас асырды, өз кезегінде мадридтік "Реалдың" көшбасшы ойыншысы допты Бенальо қорғаған қақпаға бір-ақ тоғытты.

Аргентина ширек финалда Бельгия-АҚШ кездесуінің жеңімпазымен жолығысады.

ӘЧ-2014, 1/8 финал

Аргентина – Швейцария – 1:0

Анхель Ди Мария, 118

Аргентина: Ромеро, Гарай, Сабалета, Рохо, Фернандес, Маскерано, Гаго, Ди Мария, Игуаин, Месси, Лавесси.

Швейцария: Бенальо, Лихтштайнер, Родригес, Джуру, Шер, Инлер, Джака, Бехрами, Шакири, Мехмеди, Дрмич.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: es.fifa.com

Ө. Сансызбай