ӘЧ-2014. Футболшылар бір ойында қанша шақырым жүгіреді?

ӘЧ-2014. Футболшылар бір ойында қанша шақырым жүгіреді?

Әлем Чемпионаты төрткүл дүниені төрт жылда бір шулатып жететіні белгілі. Соғылған голдар, даулы шешімдер, футболшылардың қылықтары - жанкүйерлерді осы күндері кез келген нәрсе қызықтыруы мүмкін. Бірақ, футболшылардың 90 минут бойы қанша шақырым жүгіретінін ойланып көрмесі белгілі...

Футболшының көрсеткішін неғұрлым дәлдікпен есептеп шығуды SportVU қолға алды.

Анықталғандай, ойыншы командадағы орнына байланысты орта есеппен 11 шақырым жүгіреді! Сол тұста шабуыл мен қорғаныс арасындағы байланысты түзетін жартылай қорғаушылар көп қозғалады екен - бір ойында 8-9 шақырым. Аз қозғалатын қақпашының өзі бір ойында 2-3 шақырымды артта қалдыратын көрінеді. Қорғаушылар 5-6 шақырым, шабуылшылар 7-10 шақырымды еңсеретін болып шықты. 

Ойлап қарасаңыз, 22 ер адам 248 шақырымды бар-жоғы 90 минут ішінде жүгіріп шығады. Гол соғуды және ойға алып.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: metronews.ru

Ө. Сансызбай