ӘЧ-2014. Германия – Алжир – 2:1

ӘЧ-2014. Германия – Алжир – 2:1

Әлем Чемпионатында 1/8 финал ойынында Германия мен Алжир құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Бірінші минуттардан немістер ойын тізгінін өз қолдарына алуға тырысып еді, алайда көп ұзамай алжирліктер ойынды орталық алаңға ойыстырған болатын.

Екінші таймда қос құрама да алға шығуға тамаша мүмкіндіктер тапқанмен, сол күйі голға жеткізе алмады. Немістердің қақпашысы Нойер бірнеше сәтте қауіпті сәттің алдын алып отырды.

Отыз минуттықта немістер толассыз шабуылдап, ақыры көп күш жұмсап жатып есепті ашты. Бұл жолы қосалқы құрамнан шыққан Андре Шюррле Мюллердің бұрыштан асырып берген пасына бірінші жетіп, өкшесімен қақпа торына тулатып еді.

Алжирліктер тосылып қалмай, керісінше, шабуылға шығуға тырысты. Алайда, екінші деммен қимылдайтын алжирліктерге неміс қорғанысы сыр алдырмады. "Неміс машинасы" допты өздерінде ұстап, қалған уақытта қақпаларына гол жіберіп алмауға тырысты.

Ойын аяғында немістер сапынан Месут Озил көзге түсті. Аянбай қимылдаған алжирліктер төреші қосқан екі минуттықта таразы басын қысқартуға мүмкіндік алды. 

Алжир құрамасы мақтанышпен еліне аттанды, ал немістер ширек финалда француздармен кездесетін болды.

ЧМ-2014, 1/8 финал

Германия – Алжир – 2:1

Шюррле А. 92' Езил М. 119'  Джабу. А 120 +1

Германия: Нойер, Боатенг, Хеведес, Мустафи, Мертезакер, Лам, Швайнштайгер, Озил, Кроос, Гетце, Мюллер.

Алжир: М'Боли, Гулам, Белькалем, Халлиш, Ласен, Фегули, Слимани, Судани, Таидер, Манди, Мостефа.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай