ӘЧ-2014. Франция – Нигерия – 2:0

ӘЧ-2014. Франция – Нигерия – 2:0

Әлем Чемпионатында  1/8 финал ойынында Франция мен Нигерия құрамалары арасындағы кездесу 2:0 есебімен аяқталды...

Алғашқы 45 минуттық қос құраманың орталық алаңда допқа таласымен өткен болатын.

Екінші жарты бөлікте француздар ширақ қимылдай бастады. Көп ұзамай нигериялық қақпашы өз айып алаңында қателік жасап, "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Поль Погба Әлем Чемпионатындағы алғашқы голын соғуға мүмкіндік алған-ды.

Артынша француздар есепті еселей түсті. Бұл жолы нигериялық қорғаушылардың бірі байқаусызда өз қақпасына гол жіберіп алды. 

ӘЧ-2014, 1/8 финал

79' Погба П. 90+2' Йобо Дж.

Франция – Нигерия – 2:0

Франция: Льорис, Дебюши, Варан, Косельни, Эвра, Погба, Матюиди, Кабай, Вальбуэна, Жиру, Бензема.

Бас бапкер – Дидье Дешам

Нигерия: Эньяма, Амброус, Йобо, Ошанива, Омеруо, Онази, Мозес, Микел, Муса, Одемвингие, Эменике.

Бас бапкер – Стивен Кеши

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

О. Сансызбай