Мундиальді кім жеңеді: Adidas, Nike немесе Puma?

Мундиальді кім жеңеді: Adidas, Nike немесе Puma?

Әлем Чемпионаты жұртшылыққа қызықты футбол сыйласа, сол тұста бәсекелестер арасындағы сауда қыза түсуде. Спорттық жейдеден бастап, ойыншының аяғындағы бутсыға дейінгі аралықта сан алуан өнімдер шығарылуда.

Маркетингтік мүддені жүзеге асыру үшін ең бірінші кезекте компания өнімдерін мықты құрамаларға үлестіру керек. Сонда барып қана сауданың табысты болатынына кепілдік бар.

Американдық Nike компаниясы осы мундиальда он құраманың керек-жарағын өтеген. Бұл тұста бірінші кезекте, әрине, Бразилия құрамасы тұр - чемпиондық тәжге басты үміткер әрі мундиальдің қожасы. 

Нидерланды мен АҚШ құрамалары да Nike-тың танымбелгісі түскен жейделермен өнер көрсетуде. Ал немістің Adidas концерні тоғыз ұлттық құраманы жарақтандырып отыр. Мұның ішінде, Германия пен Аргентина құрамасының аты аталады. 

Adidas компаниясы Халықаралық футбол қауымдастығының серіктесі әрі ресми демеушісі саналады. Неміс концерні қай жолғыдай турнирдің ресми добын шығарды, допқа жүгіріп тұратын балақайлар мен қазылар алқасын киіндіруді өз мойнына алды. 

Француз инвесторларының қолындағы немістің Puma компаниясы сауда нарығында үшінші орын алып қалуда. Мундиальда аталған компания сегіз құраманы киіндірген екен. Негізінен африкалық командалардың керек-жарағын өтеген.

Осы уақытқа дейін ең көп гол соққан бутсыларға тоқтала кетсек:

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru; dw.de

Ө. Сансызбай