Алжир топтан шықты, Ресей үйіне қайтты

Алжир топтан шықты, Ресей үйіне қайтты

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - H тобында Оңтүстік Корея мен Бельгия, Ресей мен Алжир құрамалары кездескен болатын...

Кореялықтар алғашқы минуттардан ширақ қимылдаған еді. Бірақ, сол күйі Куртуа қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Бельгиялықтардың сапында бір ойыншы алаңнан қуылғанына қарамастан, кореялықтарға бұл басымдылық бермеді. Керісінше Бельгия құрамасы екінші таймда есеп ашып, 100 пайыздық көрсеткішпен топтан шығуға мүмкіндік алды.

Ресей мен Алжир құрамалары арасындағы кездесуде ресейліктер бірінші болып есеп ашқан-ды. Үзілістен кейін алжирліктер есепті теңестіріп, ойын соңына дейін ұстап тұра алды.

Бельгия құрамасы финалдық кезеңде АҚШ құрамасымен кездеседі, ал алжирліктерді Германия күтіп тұр.

ӘЧ-2014, H тобы, үшінші тур

Алжир – Ресей – 1:1

Ислам Слимани, 60 – Александр Кокорин, 6

Алжир: М'Боли, Белькалем, Халлиш, Месба, Фегули, Браими, Меджани, Слимани, Бенталеб, Джабу, Манди.

Ресей: Акинфеев, Козлов, Игнашевич, Комбаров, Березуцкий, Глушаков, Файзулин, Шатов, Самедов, Кокорин, Кержаков.

Оңтүстік Корея – Бельгия – 0:1

Ян Вертонген, 78

Ойыннан қуылу – Стивен Дефур, 45 (Бельгия)

Оңтүстік Корея: Ким Сын-Кю, Юн Сук-Йон, Ким Юнь-Квон, Ли Ен, Хонь Юнь-Хо, Ку Чжа-Чол, Хан Кук-Юн, Ки Сун-Юн, Ли Чун-Ен, Сон Хюнь-Мин, Ким Шин-Вук.

Бельгия: Куртуа, Вертонген, ван Бюйтен, Ломбертс, Ванден Борре, Феллайни, Дефур, Дембеле, Янузай, Миральяс, Мертенс.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет:sport.news.am

Л. Лига