ӘЧ-2014. АҚШ - Германия -0:1

ӘЧ-2014. АҚШ - Германия -0:1

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - G тобында АҚШ мен Германия құрамалары арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды...

Кездесу шелектеген жауын астында немістердің алаңға басымдылығымен өтті. Мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы Томас Мюллер ойындағы жалғыз голдың авторы атанды. 

Германия құрамасы мен АҚШ құрамасы 4 ұпаймен топтан шықты. Соғылған гол санымен америкалықтар португалдықтарды артта қадырып отыр. 

1/8 финалда немістер Н тобында екінші орын алған командамен кездессе, американдықтар аталған топтан бірінші орын алған құрамамен жолығыспақ.

АҚШ - Германия - 0:1

Әлем чемпионаты, үшінші тур

G тобы, Томас Мюллер, 55

АҚШ: Ховард, Гонсалес, Брэдли, Беслер, Бизли, Дэмпси, Джонс, Дэвис, Бекерман, Зуси, Джонсон.

Германия: Нойер, Мертезакер, Хеведес, Хуммельс, Боатенг, Лам, Швайнштайгер, Озил, Кроос, Мюллер, Подольски.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

Л. Лига