Испания құрамасы ұшағына жай түсті

Испания құрамасы ұшағына жай түсті

Әлем чемпионатымен ерте қоштасқан Испания құрамасының Мадридке бет алған ұшағына жай (найзағай) түскен.

Испандық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға салдарынан ұшаққа аздап зиян келгенмен, ешкім зардап шекпеген. Cонымен қатар, әуежайдан күтіп алып, футболшыларды қолдаған жанкүйерлердің қарасы да аз болыпты.

Естеріңізге сала кетсек, «қызыл фурия» мундиальдың «В» тобында бақ сынап, 3 ұпай мен плей-офф кезеңіне шыға алмай қалған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: xage.ru

Ө. Сансызбай