Италия Уругвайдан жеңіліп, үйіне қайтты

Италия Уругвайдан жеңіліп, үйіне қайтты

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - Италия мен Уругвай құрамалары арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды...

Көп уақыт бойы таблодағы есеп өзгермеді. Италияндықтарға тең есеп те жететін болғандықтан, өз айып алаңдарында сауатты қорғана білді. Италия құрамасының капитаны Джанлуиджи Буффон керемет ойын үлгісін көрсетіп, екі сәтте Луис Суарестің соққысын қайтара білді.

59-минутта италияндықтардың жартылай қорғаушысы Клаудио Маркизио алаңнан қуылған соң, уругвайлықтар тайлы-тұяғымен қалмай алға шыға бастады. 81-минутта бұрыштамадан берілген допқа мадридтік "Атлетиконың" қорғаушысы Диего Годин бірінші жетіп, өз командасын 1/8 финалға шығарған болатын.

1/8 финалда уругвайлықтар С тобында бірінші орын алған Колумбия құрамасымен кездесетін болады. 

Осы топтағы Коста-Рика – Англия кездесуі тең есеппен аяқталды.

Италия - Уругвай - 0:1

Диего Годин, 81-минут

Италия: Буффон, де Шильо, Кьеллини, Дармиан, Барцальи, Бонуччи, Маркизио, Пирло, Верратти, Балотелли, Иммобиле.

Уругвай: Муслера, Годин, А. Перейра, Хименес, Касерес, Родригес, Лодейро, Риос, Гонсалес, Суарес, Кавани.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

Л. Лига