ӘЧ-2014. Әлем еркектері әйелдеріне ереже ойлап табуда

ӘЧ-2014. Әлем еркектері әйелдеріне ереже ойлап табуда

Сауд Арабиясының ерлері Бразилиядағы Әлем Чемпионаты күндерінде отбасылық дау-жанжалдан аман қалудың өзгеше тәсілін ойлап тауып отыр екен.

Олар футбол тойының қызған шағында әйелдеріне арналған жүріп-тұру ережелерін жасап шығарған.

Иә, ерлердің қалауын орындау аса қиын шаруа емес шығар, әсіресе отбасында тыныштық орнасын деген қыз-келіншектер үшін. Тәртіптің құлы болу үшін, ең алдымен әйел кез келген матчтың басталуынан екі сағат алдын бұрын еріне өз жоспарларын айтуы тиіс. Бұған қоса, дүкен мен сауда орталықтарына баратын күндерін (бір сағаттан ұзап кететін болса) футбол болатын күнге қоймауы тиіс.

Бізге беймәлім футбол жанкүйері үлкен плакатқа өз ережелер жинағын жазып, үйінің төріне іліп қойғанға ұқсайды.

Енді олар тәртіп бұзған жағдайда әйелдеріне қол ала жүгірмей, бірден қызыл қағаз көрсететін әдетке жүгінетін болыпты.

Футбол көруге кедергі келтіретін әйелдеріне ағылшын жанкүйерлері де тиімді тәсіл ойлап тауыпты. Олар сақал-мұрт қыруға арналған сусабынның көмегімен белгілі бір аумақты сызып, сол аумаққа енулеріне тыйым салған (сол арқылы әйелдерінің теледидар алдын кесіп өтуге, арлы-берлі жүріп тұруын, басқа каналдарға ауыстырып қоймауларының алдын алса керек).

Сусабын демекші, британ ерлерінің бұл қылығы мундиальда бас қазылар қолданатын спрейді еске салатыны анық. 

Әлем Чемпионаты күндерінде әйеліңізбен келіскен боларсыз, әлде ереже ойлап тапқыңыз келіп жүр ме?

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: evz.ro

Л. Лига