Рой Ходжсон негізгі құрамға 9 өзгеріс енгізді

Рой Ходжсон негізгі құрамға 9 өзгеріс енгізді

Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Рой Ходжсон Бразилиядағы Әлем Чемпионатында топтық кездесудің үшінші тур ойынына шығатын ойыншылар құрамын атады, деп жазады Sky Sports.

Ағылшындардың жаттықтырушысы негізгі құрамға бірден 9 өзгеріс енгізген. Бұл жайлы аталған басылым бірінші кезекте хабарлауда.

"Мен футболшылардың барлығы, не болмаса жартысына жуығы алаңда толыққанды ойын өткеріп үйлеріне қайтқанын қаладым. Тек жаттығуда болғанын қаламадым" - деген Ходжсон.

Англия құрамасының Коста-Рикаға қарсы шығатын құрамы төмендегідей: 

Бен Фостер — Фил Джонс, Гари Кэхилл, Крис Смоллинг, Люк Шоу — Джеймс Милнер, Фрэнк Лэмпард, Джек Уилшир, Росс Баркли, Адам Лаллана — Дэниел Старридж.

Англия мен Коста-Рика арасындағы кездесу бүгін кеште өтеді. Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: livesport.ru

Л. Лига