ӘЧ-2014. Оңтүстік Корея – Алжир – 2:4

ӘЧ-2014. Оңтүстік Корея – Алжир – 2:4

Әлем Чемпионатында екінші тур ойынында - Н тобында Оңтүстік Корея мен Алжир құрамалары арасындағы кездесу 2:4 есебімен ислам елінің пайдасына аяқталды. 

Порту-Алегридегі «Бейра-Рио» стадионында өткен кездесу бірінші минуттардан тартысты басталды. Африкалықтар 12 минут ішінде 3 гол соғып, кездесудің бірінші жарты бөлігін өз пайдаларына шешкен болатын. 

Үзілістен соң, 50-минутта кәріс шабуылшысы Сон Хюнь-Мин есепті қысқарта түскен еді. Алайда, 62-минутта алжирлік сұрмерген Ясин Браими есепті еселей түсті. Ку Чжа-Чол 72-минутта алжирліктердің басымдылығын екі голға дейін қысқарта түсуге мүмкіндік алған-ды.

Н тобында Бельгия 6 ұпайға ие болды және топтан шығуға тамаша мүмкіндік алды. Ал Ресей мен Оңтүстік Корея құрамалары 1 ұпайға ие. Алжир құрамасында бір жеңіліс бар еді, енді бір жеңіспен толықты.

ӘЧ-2014, H тобы, екінші тур

Оңтүстік Корея – Алжир – 2:4 

Сон Хьюнг Мин, 50, Ку Чжа-Чол, 72 -  Ислам Слимани, 26, Рафик Халиш, 28, Абделмумуен Джабу, 38 Ясин Браими, 62

Оңтүстік Корея: Чон Сун Рен, Юн Сук Ен, Ким Юнг Квон, Хен Сон Мин, Пак Чу Юн, Ли Юн, Ку Чжа Чол, Ан Гук Ен, Ки Сун Ен, Ли Чун Юн, Хонг Йонг Хо.

Алжир: Мболи, Буггера, Халиш, Месба, Фегули, Браими, Меджани, Слимани, Бенталеб, Джабу, Манди.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига