ӘЧ-2014. Бельгия - Ресей кездесуі – 1:0

ӘЧ-2014. Бельгия - Ресей кездесуі – 1:0

Әлем Чемпионатында екінші тур ойынында - Н тобында Бельгия мен Ресей құрамалары арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды...

Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионындағы өткен кездесу тең дәрежеде, қос құраманың алма-кезек шабуылдарымен есте қалды. Бірақ, ойын тағдырын жалғыз гол шешуі тиіс болатын. 

Екінші жарты бөлікте ресейліктер белсенді қимылдады. Бұған бір себеп, Фабио Копелло қаптал бұрыштың екі ойыншысын шығару арқылы Ресей құрамасының ойынын жандандырғысы келді. Күтілгендей, ресейліктер қарсылас қақпасына өткір шабуылдар ұйымдастыра бастады.

Бельгия құрамасын бұл жолы да қосалқы құрамнан шыққан ойыншы жеңіске жетеледі. Кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, 88-минутта Дивок Ориги Азар берген пасты голға айналдыра алды. 

Н тобында Бельгия 6 ұпайға ие болды және топтан шығуға тамаша мүмкіндік алды. Ал Ресей мен Оңтүстік Корея құрамалары 1 ұпайға ие. Алжир құрамасында бір жеңіліс бар.

ӘЧ-2014, H тобы, екінші тур

Бельгия – Ресей - 1:0

Ориги Д, 88-минут

Ресей: 
Акинфеев, Козлов, Игнашевич, Комбаров, Березуцкий, Глушаков, Файзулин, Шатов, Канунников, Самедов, Кокорин.

Бельгия: 
Куртуа, Алдервейрелд, ван Бюйтен, Компани, Вермален, Витсель, Феллайни, де Брюйне, Азар, Мертенс, Лукаку.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды