ӘЧ-2014. Уругвай футболшыларының кәмпиттерін тартып алды

ӘЧ-2014. Уругвай футболшыларының кәмпиттерін тартып алды

Бразилия өкіметі Уругвай футболшыларының өздерімен бірге Әлем Чемпионатына ала келген шамамен 40 келідей кәмпитіне кәмпеске жасаған...

Уругвай футболшыларының аяғы тиген Белу-Оризонти қаласында құраманың 40 келіге жуық жұмсақ карамель кәмпиті кәмпескеге алынған. Анықталғандай, жергілікті заңнамада карамель сүтті тағам болғандықтан, оны алып жүру үшін сәйкесінше тиісті құжаттар болуы қажет екен. 

Футболшыларға өз елдерінен әкелген кәмпиттерін Бразилиямен қоштасатын күні беретіндіктерін жеткізген. 

Бір айта кетерлігі, Уругвай құрамасы дәл осы тәтті тағамдарын осыдан төрт жыл бұрын Оңтүсік Африка жеріне алып барған екен. Және тұтынуда ешқандай қиындықтар туындамаған. Өз кезегінде команда жартылай финалға дейін жеткен-ді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: liveinternet.ru

Ө. Сансызбай