Аустралия 2 - 3 Нидерланды (видео)

Аустралия 2 - 3 Нидерланды (видео)

В тобында Нидерланды мен Аустралия құрамалары кездескен болатын. Кездесу "қызғалдақтар елінің" пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Аустралиялықтар ойынды ширақ бастады. Допқа көп иелік етіп, қарсылас қақпасына жиі қауіпті сәттер ұйымдастырумен бастаған еді. 20-минутта Арьен Роббен ойындағы есепті ашты. Бірақ аустралиялықтар бір минут өткенде есепті теңестірді. Тим Кэхилл әдемі голдың авторы атанды.

Екінші жарты бөлікті де аустралиялықтар белсенді бастады. 54-минутта Миле Йединак 11 метрлік айып добын сауатты орындап, өз командасын алға шығарды.

Көп ұзамай нидерландықтардың шабуылшысы Робин Ван Перси мығым соққымен есепті теңестіріп кетті. 

68-минутта Мемфис Депай командаласынан доп алып, айып алаңының сыртынан шірене соққы жасаған болатын. Мэттью Райан өз қақпасын голдан аман сақтап қала алмады. 

Осыдан кейін аустралиялықтардың қарқыны бәсеңдеп қалғандай көрінді, Нидерландықтар шабуылға шығу арқылы, допты қарсыластың айып алаңында көбірек ұстауға тырысты.

ӘЧ-2014, В тобы, екінші тур

Аустралия - Нидерланды - 2:3

Тим Кэхилл, 21, Едемак, 55 (пен.) - Арьен Роббен, 20, Ван Перси, 58, Мемфис Депай, 68

Аустралия: Мэттью Райан, Джейсон Дэвидсон, Тим Кэхилл, Мэттью Спиранович, Мэттью Леки, Томас Оар, Ниле Единак, Мэттью Маккей, Райан Макгован, Алекс Уилкинсон, Марк Брешиано.

Нидерланды: Яспер Силлессен, Дарил Янмат, Рон Влар, Стефан де Врей, Мартинс Инди (Мемфис Депай 45+2), Делай Блинд, Найджел де Йонг, Джонатан де Гузман, Уэсли Снейдер, Арьен Роббен, Ван Перси.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай