Ресей мен Оңтүстік Корея тең тарқасты

Ресей мен Оңтүстік Корея тең тарқасты

Өз топтарында Ресей мен Оңтүстік Корея құрамалары 1:1 есебімен тең тарқасты...

Бірінші жарты бөлікте қос құрама аса сақтықпен, қорғаныста барынша сауатты қимылдауға тырысып бақты. 32-минутта Игнашевич айып добын орындауға мүмкіндік алып, қақпаға тура соққы бағыттаған еді. Бірақ бұл жолы кәріс қақпашысы қатты соққының бағытын аңдай алған екен.

Корея тарапынан Сон Хын Мин бірнеше рет Акинфеев қорғаған қақпаға соққы бағыттап көрді.

Екінші тайм басталған тұста Василий Березуцкий бұрыштама добынан әуелеп келген допты қақпаның сол жақ бөлігіне бағыттады. Доп қақпадан сәл қиыс кетіпті.

68-минутта Кын-Хо Ли командаласынан пас алып, айып алаңының сыртынан қақпаға шірене соққы бағыттады. Көпшілік бұл соққыны Игорь Акинфеев тосып алар деп күткен, алайда қақпашы күтпеген жерден допты дұрыс қабылдай алмағандықтан, нәтижесінде өз қақпасына доп жіберіп алды. 

Артынша команданың бас бапкері Копелло Юрий Жирковтың орнына Кержаковты шығарды. Көп ұзамай қосалқы құрамнан шыққан ойыншы кәрістердің айып алаңының ішінде допқа иеліп етіп, қабылдап жатпастан қақпаға бағыттап үлгерді. Және есеп теңесті. 

Корея құрамасы осыдан кейін есепті ұстап тұруға тырысты. Әр жолы ресейлік ойыншылар жанаса кеткенде, кәріс ойыншылары орталық алаңда құлап, медициналық көмекке жүгінумен болды. Ал Ресей құрамасы өзіне қажетті үш ұпайға сол күйі қол жеткізе алмады.

Ендігі қалған екі ойында Фабио Копеллоның шәкірттері жеңіске жетуге тырысады. 

Ресей: Игорь Акинфеев, Андрей Ещенко, Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Дмитрий Комбаров, Виктор Файзулин, Денис Глушаков, Юрий Жирков, Олег Шатов, Александр Самедов, Александр Кокорин.

Оңтүстік Корея: Чон Сон Рен, Ли Ен, Ким Ен Гвон, Хон Джон Хо, Юн Сок Ен, Ки Сон Ен, Хан Гук Ен, Ли Чхон Ен, Ку Джа Чхоль, Сон Хын Мин, Пак Чу Ен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай