Бразилиядағы Әлем чемпионатынан 4,5 млрд доллар пайда түседі деп күтілуде

Бразилиядағы Әлем чемпионатынан 4,5 млрд доллар пайда түседі деп күтілуде

Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының бас хатшысы Жером Вальке футболдан Бразилияда өтетін әлем чемпионатынан 4,5 млрд көлемінде пайда түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Р-Спорт» агенттігі хабарлап отыр.

«Чемпионаттан түсетін табыс 4,5 млрд долларға жуықтайды деп шамалап отырмыз. Турнирді өткізу үшін ФИФА тарапынан 2 млрд доллардан астам қаржы жұмсалды», - дейді Жером Вальке.

Әлем чемпионаты ойындары Бразилияның 12 қаласында өтеді. Олар: Рио-де-Жанейро, Ресифи, Сальвадоре, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталезе, Натале, Белу-Оризонти, Бразилия, Куябе, Куритибе қалалары.

Әлем чемпионаты ойындарының билеттеріне деген сұраныс өте жоғары. Қазірдің өзінде үш миллионнан астам билет сатылып үлгерген. Оның 60 пайызын алаң қожайындары (1,36 миллион) иемденсе, қалғандарын америкалықтар (196,8 мың), аргентиналықтар (61 мың), немістер (58,8 мың) және ағылшындар (57,9 мың) сатып алған екен.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия елінде өтетін әлем чемпионаты 12 маусым күні өз жалауын көтереді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: spletnik.ru

Ұқсас жазбалар: 

Әлем чемпионатының ойындары өтетін қалада су тасқыны болуы мүмкін

Әлем чемпионатына арналған плакаттар

«Мундиаль» финалының добы таныстырылды

Н. Айдархан