Австралия, Бельгия құрамаларының құрамы анықталды

Австралия, Бельгия құрамаларының құрамы анықталды

Футболдан Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын Бельгия, Австралия құрамаларының толық құрамы белгілі болды.

Бельгия құрамасының бас бапкері Марк Вильмотс «мундиальда» өнер көрсететін ойыншылардың тізімін жария етті.

Германиялық «Хоффенхайм» футбол клубының қақпашысы Кун Кастельс жарақатына байланысты Бразилияға бара алмайтын болды. Оның орнына «Зюлте-Варегем» клубының қақпашысы Сэмми Боссут қосылды. «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Аднан Янузай да (суретте) ұлттық құрама сапына қосылды. Жарқын ойындарымен көзге түсіп жүрген жас ойыншы кеше ғана ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын Люксембургке қарсы өткізген болатын. Алайда бұл ойын заңсыз әрекеттер жасалуы себепті, ФИФА-ның шешімі бойынша жарамсыз деп табылды.

Бельгия құрамасының толық тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Тибо Куртуа («Атлетико»), Симон Миньоле («Ливерпуль»), Сэмми Боссут («Зюлте-Варегем»).

Қорғаушылар: Тоби Алдвервейрелд («Атлетико»), Венсан Компани («Манчестер Сити»), Антони Ванден Борре («Андерлехт»), Лоран Симан («Стандард»), Даниэль ван Бюйтен («Бавария»), Томас Вермален («Арсенал»), Николас Ломбертс («Зенит»), Ян Вертонген («Тоттенхэм»).

Жартылай қорғаушылар: Аксель Витцель («Зенит»), Стивен Дефур («Порту»), Маруан Феллайни, Аднан Янузай (бәрі де - «Манчестер Юнайтед»), Мусса Дембеле, Насер Шадли (бәрі де – «Тоттенхэм»), Кевин де Брюйне («Вольфсбург»), Эден Азар («Челси»).

Шабуылшылар: Ромелу Лукаку («Эвертон»), Дивок Ориги («Лилль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Кевин Миральяс («Эвертон»).

Бельгия футболшылары Ресей, Алжир, Оңтүстік Корея құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Әлем чемпионатында доп тебетін Австралия құрамасының да ақырғы тізімі белгілі болды. Мәскеулік «Динамо» командасында өнер көрсететін Люк Уилкшир бұл тізімге енбеген екен. 

Австралия құрамасының толық тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Мэттью Райан ("Брюгге", Бельгия), Митчелл Лангерак ("Боруссия" Дортмунд, Германия), Юджин Галекович ("Аделаида", Австралия);

Қорғаушылар: Иван Франжич ("Брисбен", Австралия), Мэттью Шпиранович ("Вестерн Сидней", Австралия), Бэйли Райт ("Престон", Англия), Джейсон Дэвидсон ("Хераклес", Нидерланды), Алекс Уилкинсон ("Чонбук", Корея), Райан Макгован ("Шаньдун", Қытай);

Жартылай қорғаушылар: Оливер Бозанич ("Люцерн", Швейцария), Миле Йединак ("Кристал Пэлас", Англия), Марк Миллиган ("Мельбурн", Австралия), Джеймс Холленд ("Аустрия" Вена, Австрия), Массимо Луонго ("Суиндон", Англия), Мэтт Маккей ("Брисбен", Австралия), Марк Брешиано ("Аль-Гарафа", Катар), Тим Кэхилл ("Нью-Йорк", АҚШ), Дарио Видосич ("Сьон", Швейцария);

Шабуылшылар: Томас Оар ("Утрехт", Нидерланды), Джеймс Тройси ("Мельбурн", Австралия), Бен Хэллоран ("Фортуна", Германия), Адам Таггарт ("Ньюкасл", Австралия), Мэттью Леки ("Франкфурт", Германия).

Австралия футболшылары Испания, Нидерланды, Чили құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: i-news.kz, rsport.ru.

Н. Айдархан