Аргентина мен Германия құрамаларының құрамы анықталды

Аргентина мен Германия құрамаларының құрамы анықталды

Футболдан Бразилия елінде өтетін әлем чемпионатының басталуына он күндей ғана уақыт қалды. Бүгінде әр елдің құрамалары "мундиальға" баратын ойыншылардың тізімін жариялауда. Кеше ғана Әлем чемпионатында бақ сынайтын Голландия, Уругвай, Чили, Италия, Ресей және Алжир құрамаларының құрамы анықталған болатын. Бүгін міне, атақты Лионель Месси ойнайтын Аргентина құрамасы мен Германия, Колумбия елдерінің құрамы белгілі болды.


Аргентина  құрамасының бас бапкері Алехандро Сабелья «мундиальға» баратын ойыншылардың ақырғы тізімін жариялады.

Аргентина құрамасының бас бапкері Алехандро Сабелья таңдаған 23 ойыншының қатарына Италия чемпионы атанған туриндік «Ювентус» командасының үздік шабуылшысы Карлос Тевес енбеген екен.

Аргентина футболшылары «F» тобында Босния және Герцеговина, Иран, Нигерия елдерінің құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Аргентина құрамасының толық тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Серхио Ромеро ("Сампдория", Италия), Мариано Андухар ("Катания", Италия), Агустин Орион ("Бока Хуниорс");

Қорғаушылар: Пабло Сабалета, Мартин Демикелис (екеуі де - "Манчестер Сити", Англия), Федерико Фернандес ("Наполи", Италия), Эсекьель Гарай ("Бенфика", Португалия), Маркос Рохо ("Спортинг", Португалия), Уго Кампаньяро ("Интер", Италия), Хосе Мария Басанта ("Монтеррей", Мексика);

Жартылай қорғаушылар: Хавьер Маскерано ("Барселона", Испания), Фернандо Гаго ("Бока Хуниорс"), Лукас Билья ("Лацио", Италия), Макси Родригес ("Ньюэллс Олд Бойз"), Рикардо Альварес ("Интер", Италия), Аугусто Фернандес ("Сельта", Испания), Анхель Ди Мария ("Реал" Мадрид, Испания), Энцо Перес ("Бенфика", Португалия);

Шабуылшылар: Лионель Месси ("Барселона", Испания), Гонсало Игуаин ("Наполи", Италия), Серхио Агуэро ("Манчестер Сити", Англия), Родриго Паласио ("Интер", Италия), Эсекьель Лавесси ("Пари Сен-Жермен", Франция).

Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев құраманың ақырғы тізімін жария етті.

Йоахим Лев сенім артқан ойыншылардың қатарында "Лацио" командасының шабуылшысы 35 жастағы Мирослав Клозе де бар. Бұл - Мирослав Клозе үшін атақты бразилиялық Роналдоның рекордын жаңартуға деген бірден-бір мүмкіндік. Бүгінде Роналдо Әлем чемпионатында ең көп гол (15 гол) соққан футболшы саналады. Ал, Клозенің еншісінде 14 доп.

Германия құрамасы бір топта Португалия, Гана және АҚШ футболшыларымен бірге өнер көрсетеді.

Германия құрамасының толық тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Мануэль Нойер ("Бавария"), Роман Вайденфеллер ("Боруссия" Д), Рон-Роберт Цилер ("Ганновер");

Қорғаушылар: Жером Боатенг, Филипп Лам (екеуі де - "Бавария"), Эрик Дурм, Кевин Гросскройц, Матс Хуммельс (барлығы - "Боруссия" Д), Бенедикт Хеведес ("Шальке"), Пер Мертезакер ("Арсенал");

Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер ("Шальке"), Маттиас Гинтер ("Фрайбург"), Томас Мюллер, Марио Гетце, Тони Кроос, Бастиан Швайнштайгер (барлығы - "Бавария"), Сами Хедира ("Реал"), Кристоф Крамер ("Боруссия" М), МесутОзил ("Арсенал"), Марко Ройс ("Боруссия" Д);

Шабуылшылар: Мирослав Клозе ("Лацио"), Андре Шюррле ("Челси"), Лукас Подольски ("Арсенал");

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия елінде өтетін әлем чемпионаты 12 маусым күні өз жалауын көтереді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: futbik24.com spletnik.ru

Н. Айдархан