Италия, Ресей және Алжир құрамаларының құрамы жарияланды

Италия, Ресей және Алжир құрамаларының құрамы жарияланды

Бүгін Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын Голландия, Уругвай және Чили құрамаларының құрамы анықталған болатын. Жаңа ғана Италия, Ресей және Алжир құрамаларының да құрамы белгілі болды. 

Сонымен, Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли «мундиальда» өнер көрсететін ойыншылардың толық тізімін жариялады. «Фиорентина» командасының шабуылшысы Джузеппе Росси және «миландық» жас жұлдыз Стефан Эль-Шаарави Бразилияға баратын ойыншылардың қатарына енбеді. Сонымен қатар, сенбі күні Ирландияға қарсы жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған «Миланның» капитаны Риккардо Монтоливо да әлемдік футбол додасына бармайтын болды. Италиялықтар Уругвай, Коста-Рика және Англия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Италия құрамасының толық тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Вальтер Сиригу («ПСЖ», Франция), Маттия Перин («Дженоа»);

Қорғаушылар: Иньяцио Абате, Маттия Де Шильо  (екеуі де - «Милан»), Андреа Барцальи, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини (барлығы - «Ювентус»), Маттео Дармиан («Торино»), Габриэль Палетта («Парма»);

Жартылай қорғаушылар: Альберто Аквилани («Фиорентина»), Антонио Кандрева («Лацио»), Даниэле Де Росси («Рома»), Клаудио Маркизио, Андреа Пирло (екеуі де - «Ювентус»), Марко Пароло («Парма»), Марко Верратти, Тиаго Мотта (екеуі де- «ПСЖ»);

Шабуылшылар: Марио Балотелли («Милан»), Антонио Кассано («Парма»), Алессио Черчи, Чиро Иммобиле (екеуі де - «Торино»), Лоренцо Инсинье («Наполи»).

Фабио Капелло баптайтын Ресей құрамасының тізіміне "Рединг" командасының шабуылшысы Павел Погребняк және "Севильяның" жартылай қорғаушысы Денис Черышев енбей қалды. Ресейліктер Бельгия, Алжир және Корея Республикасының ойыншыларымен бір топта өнер көрсетеді.

Толық тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Игорь Акинфеев («ЦСКА» Мәскеу), Юрий Лодыгин («Зенит» Санкт-Петербург), Сергей Рыжиков («Рубин» Қазан)

Қорғаушылар: Василий Березуцкий («ЦСКА» Мәскеу), Сергей Игнашевич («ЦСКА» Мәскеу), Георгий Щенников («ЦСКА» Мәскеу), Владимир Гранат («Динамо» Мәскеу), Алексей Козлов («Динамо» Мәскеу), Андрей Ещенко («Анжи» Махачкала),  Дмитрий Комбаров («Спартак» Мәскеу), Андрей Семенов («Терек» Грозный)

Жартылай қорғаушылар: Игорь Денисов («Динамо» Мәскеу), Алан Дзагоев («ЦСКА» Мәскеу), Роман Широков («Краснодар»), Денис Глушаков («Спартак» Мәскеу), Виктор Файзулин («Зенит» Санкт-Петербург), Олег Шатов («Зенит» Санкт-Петербург), Юрий Жирков («Динамо» Мәскеу), Алексей Ионов («Динамо» Мәскеу), Александр Самедов («Локомотив» Мәскеу)

ШабуылшыларАлександр Кокорин («Динамо» Мәскеу), Максим Канунников («Амкар» Пермь), Александр Кержаков («Зенит» Санкт-Петербург)

Ресей сапында қосалқы құрамдағы 24-ойыншы ретінде Бразилия еліне қазандық «Рубиннің» жартылай қорғаушысы Павел Могилеве барады.

Ресейліктермен бір топта өнер көрсететін Алжир құрасының да толық құрамы белгілі болды. Алжир құрамасының бас бапкері Вахид Халилходжич түзген 23 ойыншы төмендегідей:

Қақпашылар: Раис Мболи («ЦСКА» София), Мохамед Земмамуш ("Алжир"), Седрик Си Мохамед ("Константина").

Қорғаушылар: Эссаид Белькалем ("Уотфорд"), Маджид Бугерра (клубсыз), Льяссине Кадамуро ("Мальорка"), Фаузи Гулям ("Напол"), Рафик Аллиш ("Академика"), Аисса Манди ("Реймс"), Мехди Мостефа ("Аяччо"), Карл Меджани ("Валансьен"), Джамель Месба ("Ливорно").

Жартылай қорғаушылар: Софиан Фегули ("Валенсия"), Набиль Бенталеб ("Тоттенхэм"), Ясин Браими "Гранада"), Мехди Ласен ("Хетафе"), Сафир Таидер ("Интер"), Хассан Йебда ("Удинезе"), Рияд Махрез ("Лестер").

Шабуылшылар: Абдельмумен Джабу ("Клаб Африкэн"), Ислам Слимани ("Спортинг"), Хилал Судани ("Динамо" Загреб), Набиль Гилас ("Порту").

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru, sovsport.ru

Н. Айдархан