Нидерланды, Уругвай және Чили құрамаларының құрамы белгілі болды

Нидерланды, Уругвай және Чили құрамаларының құрамы белгілі болды

Футболдан Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалардың құрамы белгілі бола бастады. Кеше ғана Нидерланды, Уругвай және Чили құрамаларының құрамы анықталды.


Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи Ван Гал (суретте) «мундиальда» өнер көрсететін ойыншылардың толық тізімін жариялады.

Нидерланды құрамасының сапында жарақатына байланысты тізімге енбей қалған ойыншылардың қатары көп. Атап айтатын болсақ, «Гамбург» командасының жартылай қорғаушысы Рафаэль ван дер Варт, «Челсидің» қорғаушысы Патрик ван Анхолт, «ПСВ» командасының қорғаушысы Карим Рекик пен қақпашысы Йерун Зут, «Твентенің» жартылай қорғаушысы Куинси Промес, «Фейеноордтың» шабуылшысы Жан-Пол Боэтиус пен қорғаушысы Тонни Вильхен.

Нидерланды футболшылары «В» тобында Испания, Чили, Австралия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Толық тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Яспер Силлессен ("Аякс"), Тим Крул ("Ньюкасл", Англия), Михел Ворм ("Суонси", Уэльс);

Қорғаушылар: Джоэл Велтман ("Аякс"), Стефан де Врей, Дарил Янмат, Теренс Конголо, Брюно Мартинс Инди, (бәрі де - "Фейеноорд"), Паул Верхег ("Аугсбург", Германия), Рон Влар ("Астон Вилла", Англия);

Жартылай қорғаушылар: Дэйли Блинд ("Аякс"), Йорди Класи ("Фейенорд"), Джонатан Де Гузман ("Суонси", Уэльс), Найджел де Йонг ("Милан", Италия), Лерой Фер ("Норвич", Англия), Арьен Роббен ("Бавария", Германия), Уэсли Снейдер ("Галатасарай", Түркия), Джорджиньо Вейналдум ("ПСВ");

Шабуылшылар: Мемфис Депей ("ПСВ"), Клас-Ян Хюнтелар ("Шальке", Германия), Дирк Кейт ("Фенербахче", Түркия), Джермейн Ленс ("Динамо" Киев, Украина), Робин ван Перси ("Манчестер Юнайтед", Англия).

Уругвай құрамасының бас бапкері Оскар Табарес Бразилияға баратын ойыншылардың ақырғы тізімін жариялады.

Құрамаға Англия премьер-лигасының үздік сұрмергені Луис Суарес (суретте) шақырту алыпты. Естеріңізге салар болсақ, Луис Суарес жақында алған жарақатына байланысты әлемдік додаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып келген еді. Әйткенмен, бас бапкер құрамаға шақырғанына қарағанда, Луис Суарес әлемдік дода басталғанша жарақатынан толықтай айығады деген сенім бол.

Уругвай құрамасының толық тізімі төмендегідей:

ҚақпашыларФернандо Муслера («Галатасарай», Түркия), Мартин Сильва («Васко да Гама», Бразилия), Родриго Муньос («Либертад», Парагвай),

Қорғаушылар: Диего Лугано («Вест Бромвич», Англия), Диего Годин («Атлетико», Испания), Хосе Мария Хименес («Атлетико», Испания), Мартин Касерес («Ювентус», Италия), Макси Перейра («Бенфика», Португалия), Хорхе Фусиле («Порту», Португалия), Себастьян Коатес («Насьональ», Уругвай),

Жартылай қорғаушылар: Эхидио Аревало Риос («Морелия», Мексика), Вальтер Гаргано («Парма», Италия), Диего Перес (« Болонья», Италия), Альваро Гонсалес («Лацио», Италия), Альваро Перейра («Сан Пабло», Бразилия), Кристиан Родригес («Атлетико», Испания), Гастон Рамирес («Саутгемптон», Англия), Николас Лодейро («Ботафого», Бразилия),

Шабуылшылар: Луис Суарес («Ливерпуль», Англия), Эдинсон Кавани («Пари Сен-Жермен», Франция), Диего Форлан («Сересо Осака», Жапония), Кристиан Стуани («Эспаньол», Испания), Абель Эрнандес («Палермо», Италия).

Чили құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли «мундиальға» баратын ойыншылардың ақырғы тізімін жариялады.

Тізімге мамыр айында жарақат алған және әлемдік додаға баруы белгісіз болған, туриндік «Ювентустың» жұлдызды ойыншысы Артуро Видаль (суретте) енген екен. Чили құрамасы әлем чемпионатында Австралия, Испания және Нидерланды құрамаларымен бірге "В" тобында бақ сынайды.

Толық тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Клаудио Браво («Реал Сосьедад», Испания), Джонни Эррера («Универсидад де Чили»), Кристофер Тоселли («Универсидад Католика»);

Қорғаушылар: Гари Медель («Кардифф», Уэльс), Гонсало Хара («НоттингемФорест», Англия), Хосе Рохас («Универсидад де Чили»), Эухенио Мена («Сантос», Бразилия), Маурисио Исла («Ювентус», Италия);

Жартылай қорғаушылар: Хорхе Вальдивия («Палмейрас», Бразилия), Фелипе Гутьеррес («Твенте», Голландия), Хосе Педро Фуэнсалида («Коло-Коло»), Франсиско Сильва («Осасуна», Испания), Артуро Видаль («Ювентус» Италия), Карлес Арангис («Интернасьонал», Бразилия), Марсело Диас («Базель», Швейцария), Карлос Кармона («Аталанта», Италия), Миико Альборнос («Мальме», Швеция);

ШабуылшыларАлексис Санчес («Барселона», Испания), Эстебан Паредес («Коло-Коло»), Эдуардо Варгас («Валенсия», Испания), Жан Босежур («Уиган», Англия), Маурисио Пинилья («Кальяри», Италия), Фабиан Орельяна («Сельта», Испания).

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: football.day.az, sport-express.ua, aprpress.com

Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын басқа да құрамалардың толық тізімі:

Босния және Герцеговина мен Гондурас құрамаларының тізімі 

Бразилия құрасының тізімі

Португалия, Мексика, Ресей, Англия, Жапония құрамаларының тізімі

Франция құрамасының тізімі

Бельгия құрамасының тізімі 

Н. Айдархан