ӘЧ-2014. Нидерланды – ең «жас», Уругвай – ең «кәрі» құрама

ӘЧ-2014. Нидерланды – ең «жас», Уругвай – ең «кәрі» құрама

Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар футболшыларының орташа жас мөлшерінің көрсеткіші белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

«Мундиальда» Нидерланды елінің аяқдоп шеберлері ең жас құрама болып танылды. «Қызғалдақ елінің» футболшыларының орташа жас мөлшері 23,1-ді құраған. Одан кейінгі орындарға Германия (24,3 жас) мен Гана (24,5 жас) құрамалары жайғасыпты.

Ең егде тартқан футболшылар өнер көрсететін құрама – Уругвай. Олардың орташа жас мөлшері 29,9-ды құрап отыр. Ал бас бапкері Оскар Табарес 2010 жылы Оңтүстік Африкада ойнаған командасына аз ғана өзгеріс енгізіпті.

Құрамалардың орташа жас мөлшері:

1. Нидерланды – 23.1 жас
2. Германия – 24.3 жас
3. Гана – 24.5 жас
4. Оңтүстік Корея - 25 жас
5. Бельгия – 25.4 жас
5. Австралия – 25.4 жас
7. Алжир – 25.5 жас
8. Нигерия – 25.6 жас
9. Камерун – 25.8 жас
10. Коста-Рика – 26.2 жас
11. Англия – 26.4 жас
12. Португалия – 26.5 жас
12. Испания – 26.5 жас
14. Чили – 26.6 жас
15. Франция – 26.8 жас
16. Бразилия – 27.2 жас
17. Иран – 27.5 жас
17. Жапония – 27.5 жас
17. Италия – 27.5 жас
20. Хорватия – 27.5 жас
21. Кот-д'Ивуар – 27.7 жас
21. Эквадор – 27.7 жас
23. Ресей – 27.8 жас
24. Швейцария – 27.9 жас
25. Колумбия - 28 жас
26. Грекия – 28.4 жас
27. Аргентина – 28.5 жас
27. Босния және Герцеговина – 28.5 жас
29. АҚШ – 28.6 жас
30. Мексика – 28.9 жас
31. Гондурас – 29.1 жас
32. Уругвай – 29.9 жас

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: isport.ua

О. Сансызбай