«Мундиаль» финалының добы таныстырылды

«Мундиаль» финалының добы таныстырылды

12 маусым күні футболдан Бразилия жерінде әлем чемпионаты басталады. Осыған орай «аdidas» компаниясы дүбірлі доданың финалының добын таныстырды.

«Brazuca Final Rio» деген жазуы бар доп қара, сары және жасыл жолақтармен өрнектелген. «Мундиальдің» кубогы бейнеленген. Ал финалға шыққан құрамалар аты сол күні жазылатын болады.  Доп екі жарым жылдай уақыт аралығында түрлі бақылаулар мен тексеру кезеңдерінен өткен. Үш құрлықтың 10 елінде  30-ға жуық команданың 600-ден астам футболшысы сынаққа қатысыпты. Бұл компания тарихындағы ең ұзақ тест сынынан өткен доп саналып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 13 шілде күні әлем чемпионатын қорытындылайтын соңғы әрі шешуші кездесу Рио-де-Жанейродағы атақты "Маракана" стадионында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай