Онлайн хабарлама: ағылшын тіліндегі қысқарған сөздер

Онлайн хабарлама: ағылшын тіліндегі қысқарған сөздер
Фото: envato.com

Пандемия басталғалы халық онлайн режимге ауысты. Дүкеннен зат тапсырыс беру, төлемдер,  жұмыс пен байланыс. Соның ішінде онлайн хат алмасу қарқынды дамыды. Уақыт үнемдеу үшін түрлі тіркестер мен қысқартылған сөздерді қолдана бастады. Бүгін ағылшын тілінде хат алмасу барысында қолданатын қысқарға сөздер тізімін ұсынамыз.

1. CU / CUL8R
С және U әріптері — see (көру) және you (сіз, сен) сөздерінің омофоны. Сол себепті тіркестерді қысқарту барысында жиі қолданады. Мысалы, CU = see you (көріскенше), CUL / CUL8R = see you later (көріскенше, артынан көрісерміз). 

2. GR8 / D8
8 (eight) саны дыбысталуына сәйкес -ate- және -eat- буынын алмастырады. Жоғарыда later сөзін көрсеткен болатынбыз: L8R (l-eight-r). Басқа да сөздер бар. Мысалы, D8 = date (кездесу), GR8 = great (ғажап), H8 = hate (жек көру), sk8er = skater (скейтер). 

3. ?4U
Бірнеше символды үнемдеуге мүмкіндік беретін тағы бір сан — 4 (four). Дыбысталуы жағынан ол көмекші тіркес for (үшін, -ға,-ге) келеді. Мысалы: ?4U = a question for you (менің сізге сұрағым бар). Одан бөлек мына сөздерде қолданылады: 4get = forget (ұмыту), 4ever = forever (мәңгілік), B4 = before (дейін).

4. HAND
HAND — have a nice day (күнің сәтті өтсін) тіркесінің қысқарған нұсқасы. Амандасу және қоштасу аббревиатуралары ағылшын тілінде жиі кездеседі. Мысалы good morning (қайырлы таң) сөзінің орнына  GM  деп, long time no see (көріспегелі көп болды) орнына  LTNS, keep in touch (байланыста бол) сөзінің орнына KIT деп жаза аласыз.

5. COS / CUZ
Жиі қолданылатын because (себебі) сөзінің бірнеше қасқарған нұсқасы бар. Кеңінен тараған қысқарған нұсқасы тек дауыссыз дыбыстардан тұрады — BCS. Одан бөлек, ағылшын тілінде еркін сөйлейтіндер because сөзін cause деп те айтады. Сол себепті оны COS немесе CUZ деп қысқартқан.

Т. Есқали